4.3.«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 ҚаулысыҚазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V БӨЛІМ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛІК САПАСЫН ҮЙРЕНГЕНДЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК БІЛІМДЕРІНЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР СТУДЕТТІҢ ЖЕКЕ ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ
5.1 Шымкент қаласының фитосанитарлық жағдайы
Өндірістік тәжірибе өту барысында Шымкент қаласының құрамына кіретін 4 аудандарының фитосанитарлық жағдайымен, жалпы егістік көлемімен соның ішіндегі дақыл алуан түрлілігімен таныстым. Әр дақылға байланысты кездесетін зиянкес және ауру түрлеріне маниторингтік жұмыстарға қатыстым. Шымкент қаласында кездесетін карантиндік нысандарды тексеру, анықтау жұмыстарынна қатыстым.
Орналасу аймағын дистанционды бақылайтын трекер аспабымен және зиянкестердің таралуы координатасын белгілейтін GPS аспабымен жұмыс атқаруды үйрендім.
VІ Бөлім. Қорытындылар мен ұсыныстар
Қорытынды
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент қалалық филиалында Өндірістік тәжірибені өту барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері түрлерінің коллекциялық жадығаттарын дайындап, арамшөптерді және зақымдалған өсімдіктерді жинап, гербарий жасадым. «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша өндірісте әр түрлі міндеттерді атқара жүріп жұмысты ұйымдастыру және өз бетімен шешім қабылдауды үйрендім.Өндірісте мамандық бойынша маңызды мәселелермен, технологиялық операциялармен, нысандармен танысу және мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгердім. Кәсіби шеберлікті және еңбек етудің тиімді әдістерін және кәсіптік міндеттер мен күрделі мәселелерді шешудегі озық технологиялар мен әдістерді игердім. Кәсіпорындағы, мекемелердегі және т.б орындардағы маркетингтік-менеджерлік қызметтермен таныстым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгердім. Маған бұл өндірістік практика көп нәрсе үйретті.
Достарыңызбен бөлісу: |