Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Орталық Қазақстанның бал алқаптары



бет47/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Орталық Қазақстанның бал алқаптары. Орталық Қазақстанда аласа Ұлытау және Сары арқа таулары орналасқан. Жабайы өсетін бал өсімдіктері мамыр – маусым айларында аз мөлшерде бал аламыз. Сары арқа етегінде көп мөлшерде қараған, бозкілем, жабайы пияз, жебір, көкемарал өсімдіктері өседі. Ара шаруашылығы орындарына бірнеше ара ұяларын қойып, жауын – шашын көп түссе дәмді, хош иісімен ерекшеленетін 5-10 кг аралаығында тауарлық бал алу мүмкіндігі бар.
Тұйық бассейіндегі сазды шалғындарда, өзендер мен көлдердің жағасында көптегенбал өсімдіктері бар, олар кермек, түйежоңышқа, ащы шұбаршөп, астра өсімдіктері жаздың аяғында өнімді бал береді.
Бұл аймақта жайылымдық мал шаруашылығы дамыған, ал егістік бал өсімдіктері өсіру нашар. Маусым айында эспарцет,түйежоңышқа, жоңышқа және жабайы өсетін бал өсімдіктері гүл атады.
Батыс Қазақстанның бал алқаптары. Батыс Қазақстан дала, шөл мен шөлейт аймақта орналасқан. Батыс Қазақстанда бал өсімдіктері өте нашар өседі. Өнеркәсіптік ара шаруашылығын дамыту үшін мәдени бал өсімдіктерін егу керек. Жайық өзенінің жайлымасында наурыз-сәуір айларында талдың әр түрі, мамырда - чингил, жиде, мамыр – маусымда – оралдық мия, түйе жоңышқа,, шілде-тамызда - тікенқурай, каспилік ақбасшөп, кермек өсімдіктері гүл атады.
Мәдени бал өсімдіктерінің ішінде жеміс-жидек екпелері, далада өсетін – эспарцет және қыша маңызды орын алады. Ең жақсы бал өсімдіктері маусым – шілде айында гүл атады. Шөл мен шөлейт аймақтарды ең маңызды бал өсімдігі жоңышқа. Батыс Қазақстан облысындағы омарта шаруашылығы уақыт өте келе жабайы өсетін және егілетін бал өсімдіктерін пайдалану үшін көшпелі ара шаруашылығына ауысып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның бал алқаптары. Қазақстанның оңтүстігінде Қырғыз жоталары мен Талас Алатауы, оңтүстік-батыс Тянь-Шань тау жүйесі және Солтүстік-Шығыс Іле Алатауы бар. Солтүстік Батыста аласа Қаратау жотасы жазық бөлікке енген. Тау жүйесінде өсімдік белдеулері келесі тәртіп бойынша орналасады:

  • 1-1,4 мың м биіктікте жазық – тау бөктерінде егістік, бау – бақша, әр түрлі шөптесін өсімдіктер өсетін шамылғысы бар.

  • 1,5-2 мың м биіктікте өрік, грек жаңғағы, алма, бадам,үйіңкі талдарымен жамылған.

  • 2-2,5 мың м биіктікте субальпілік және альпілік шалғындар дала белдеуінде орналасқан.

  • Таулар мұздықтармен жабылған.

Оңтүстік Қазақстанның бал алқаптарын бес қауымдастыққа бөледі: таулы бал алқаптары – ерте көктемде қаз пияз, түтікгүл, тал, қызы жемісті шие, содан соң кеш гүлдейтін шырыш, Семенов үйіңкісі, жабайы пияз, сасыр, долана, сасықшөп, күймесгүл гүл атады. Шілде айында ең маңызды омарташылар алатын хош иісті бал мен шірне алынады. Егістік бал алқаптары ішінен мол өнім беретін эспарцетті атап өтуге болады.
Оазистік бал алқаптары – шөлдегі оазистік суармалы егістіктер. Оазистік бал алқаптар қатарына жоңышқа, мақта, қонақ, түйе жоңышқа жатады.
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің негізгі тозаңдандырушылары кәдімгі бал аралары болып табылады. Зерттеулерге сүйенсек барлық тозаңдандырулардың 80% аралалардың үлесіне, 20% басқа бунақденелілердің үлесінде.
Жабайы тозаңдандырушылар қатарына түкті ара, сона, жеке тіршілік ететін ара, шыбын, қоңыз, қандала, және әртүрлі көблектер жатады. Жабайы бунақденелілердің көпшілігі нашар тозаңдандырушылар. Олар қорек қорын жинамайтындықтан гүлге сирек қонады, бір жерде көп уақыт қонақтап, аз қозғалады. Қоңыздар мен қандаланың денесінде түк болмағандықтан тозаң жабыса алмайды. Көптеген жабайы бунақденелілердің пайдасынан зияны көп. Біреулері жатынның ішінде заттарды сорып алады, екіншілері өсімдіктердің жапырақтарын жейді, ал көбелектер жұмыртқа салып, кейіннен оның дернәсілері жапырақ пен жемісті жеп құртады. Жабайы бунақденелілердің ішінде, өсімдіктерді тозаңдандыруда ең пайдалысы – түкті ара. Бал аралар сияқты олар да шірнемен және тозаңмен қоректенеді. Олардың ет тұмсықтары ұзын боладыда гүл күлтесі тереңде жатқан қызыл жоңышқадан да шірне ала алады және тозаңдандырады. Денесінің сырты қою түк болғандықтан тозаңда оңай жабысады. Түкті ара басқа бунақденелілерге қарағанда төменгі температурада да ұша береді.
Тозаңдандырғыш ретінде бал арасының басқа бунақденелілермен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар. Ара отбасындағы жұмысшы аралар саны, түкті араға қарағанда 300 есе көп. Өз ұясына қажетті қоректі қор жинап, аралар үздіксіз және белсенді жұмыс істейді: ара бір ұшып шыққанда 4000 гүлге қонақтап, тозаңдандырады. Бір ара отбасының аралары бір күнде 40-60 млн. гүлге қатынайды.
Шірне гүл толық ашылғаннан кейін ғана шыға бастайды. Шірнені аралар мезгілінде және уақытылы таңдау, оның өсімдіктен көбірек бөлінуіне ықпал етеді.
Гүлдердің шірнені бөлі мөлшері ең алдымен өсімдіктің тұқым қуалау ерекшелігіне, жапырақ пен гүлдің дамуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар шірненің бөлінуіне өсімдіктің гүлдеу уақыты да әсер етеді. Шірненің ең қолайлы бөліну уақыты 20-32°C, егерде ауа температурасы 10-12°C төмен болса, шірненің бөлінуі мүлдем тоқтайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80% және топырақ ылғалдылығыда өз әсерін тигізеді, топырақ ылғалдылығы 50-60 % аралығында оптимальды деп есептелінеді.
Аралар шірнені желсіз, ашық күн сәулесі бар уақытта жинайды, себебі қант мөлеші сол уақытта 50% болады. Егерде шірнедегі қант құрамы 10% және одан төмен болса, аралар ол шірнені жинамайды.
Гүлдегі шірненің кеуіп, шайылып кетуі және оған аралардың қонуына байланысты, шірнелі өсімдіктерді шірнесіз және шірнелі өсімдіктер деп үшке бөлінеді:
Шірнесіз, шірнелі және гүлден тыс шірнелі өсімдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет