Түсініктеме
Селекциялық шараларға тоғышар-ӛсімдіктерге, зиянкестерге және
ауруларға тұрақты сорттарын шығару және ӛңдеу жатады. Тұрақты
сорттардың және гибридтердің арқасында, кейбір зиянды түрлердің
жаппай таралуының алдын алу мүмкін болды, химиялық құралдардың
колдану кӛлемінің азаюына, ал кейбір жағдайда олар толық колданбауға
мүмкіншілік береді. Тұрақты сорттарды ӛңдегенде ӛнім шығынын және
ӛнімділіктің сапасының фитофагтар мен фитопатогендердің әсерінен
тӛмендеуінен құтылуға болады.
Тұқымдық және кӛшеттік материалдар үшін фитосанитарлық
шектеуші регламенттері болады. Ауылшаруашылық құрылымдарда
инфекциядан,
зиянды
бунақденелілерден
және
арамшӛптер
тұқымдарынан таза жоғары сапалы сорттық және гибридтік
материалдарды қолдану керек. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
және тұқымдық кӛшетжайларды құру сорттық тұрақтылықты
қолдауға, егетін және кӛшеттелетін сау материал алынады.
Тұқымдық алқаптарда ауыл шаруашылық дақылдарды қорғаныш
шаралары толық кӛлемде орындалуы тиіс. Ӛзінің тұрақтылығын
жоғалтқан сорттарды ауыстыру, яғни тұқым шаруашылық жүйесінде
міндетті түрде тұқым ауыстыру, қарастырылады.
Генетикалық әдістің негізінде зиянды түрлердің ӛмірге қабілетсіз
немесе ұрпақсыз дарақтарды қолдануы жеке түрді пайдалану арқылы
іске асады. Бұл тәсілде керекті нәтижеге сәулелі және химиялық
стерилизация жолдарымен, түрішілік цитоплазмалық сиыспаушылық
және диапаузалық популяцияларды қолдану жолдарымен жетеді.
1 -
тапсырма: Иммунитеттің негізгі түсініктерімен танысу:
тӛзімділік, тұрақтылық, кӛлденең және тік тұрақтылық, жекелеген
іріктеу, будан, будандастыру, шағылыстыру, сорт алмастыру.
2 - тапсырма: Тұқымның фитосанитарлық шектеуші тәртібімен танысу.
3 - тапсырма: Дәннің фитопатологиялық талдау әдісімен танысу. 1 -
кестені толтырыңыз.
1 кесте - Тұқымның фитосараптау нәтижесі
Тұқым саны
Ұсыныс-
тар
Барлығы
Саулары
Зақымдалғаны, оның ішінде
Bipolaris Fusarium Alternaria Сапрофиттер
Бақылау сұрақтары:
1. Ӛсімдік селекциясының кӛкейкесті мәселелері және жетістіктері.
2. Сорттардың зиянкестерге және ауруларға тұрақтылығына бағалау
қалай жүргізіледі?
3. Аурумен, зиянкестермен қоныстанған немесе зақымдалған тұқым
материалына қойылатын шектеулер.
4. Генетикалық әдісті қолданудың аумағы және болашағы.
5. Хемостерилянттардың сипаттамасы.
10 — тақырып: Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерінің және
ауруларының дамуына, таралуына мониториг жүргізу, болжау.
Сабақ мақсаты: Болжау түрлерімен, ӛте қауіпті
зиянды ағзалардың
дамуын және таралуын бақылайтын жүйелермен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: