Қоршаған ортаның химиялық ластануы оның табиғи химиялық ерекшелігінің бұзылуы нәтижесінде немесе ортаға өзіне тән емес химиялық заттардың түсуі кезінде, сондай – ақ табиғидан асып түсетін қоспаларда қалыптасады. Ластанудың негізгі көздері – өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы. Химиялық заттардың арасында қоршаған ортада болуы аз мағынада белгіленген, қауіптілігі бірінші классты заттар бірінші орынға ие,бұл заттардың болуының өзі жанды организмде жинақталу қабілетімен ерекше назар аударуды талап етеді. Оған кобалть, никель, мырыш, хром, қорғасын, сынап, басқа да бірқатар ауыр металдар, металорганикалық заттар, пестицидтер, радиоактивті элементтер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |