Әдебиеттер: {1}, {2}, {5}, {9}, {10}, {23}, {24}
ТАҚЫРЫП 4. ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛМАЙТЫН ҚОРЛАРДЫ РАЦИОНАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Лекция жоспары:
Қазақстанның минералы – шикізат қорлары мен рационалды пайдалану проблемалары
Минералды – шикізат қорларын экономикалық бағалау әдістері
Минералды шикізат қорларының қолданылу шарттарын анықтау
Қазақстанның минералы – шикізат қорлары мен рационалды пайдалану проблемалары
Бұрынғы КСРО-да минералды қорларды игеру келесі мәліметтермен сипатталады: ел әлемдік тау-кен өндірісінің 28%-ын қамтамасыз етті (АҚШ 23%-дай), КСРО мұнай, көмір, темір мен марганец рудаларын және басқа да пайдалы қазбалар өндірумен әлемде жетекші орын алған; КСРО-ның құрауына дейін бір жыл ішінде 6,5 млрд тонна түрлі пайдалы қазбалар алынған; тау-кен өндірісі әр он жыл сайын екі еселеніп отырды. Минералды- шикізат кешеніне барлық капитал салымының 40%-ынан астамы жіберілді. Ал ондағы еңбекшілер саны 20%-дай болды. Қазақстан бұрынғы Совет Одағында ресурстық ролге ие болғандықтан, бұл цифрлар ол үшін де әділ. Қазіргі кезде республиканың ресурстық потенциалы одан да көп роль алып тұр.
шы жылдарда жер шары халқының саны 2,5 есе өссе, минералды қорлардың жылдық алынуы 12 есе көбейеді. Сонымен, 1940 жылдан 1990 жылға дейін мұнай өндіру (газдық конденсатпен қоса) 20 есе, газ өндіру 227 есе, көмір өндіру 4,5 есе, темір рудасын өндіру 8 есе көбейді. Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру 50-ші жылдарда жүзеге асқан.
Егер пайдалы қазбалардың игерілуімен масштабтарын қарайтын болсақ, келесілерді белгілеуге болады.
пайдалы қазбалардың барлық түрін жоғары қарқынмен шығару елдің халық шаруашылығы мен тұрғындарға арналған өнімді жүйелі түрде арттырып өндіруге мүмкіндік береді;
өндіру масштабтарының өсуі жаңа қорлардың сапасының төмендеуімен, кейбір дәстүрлі аудандарда олардың қысқартылуымен, өндіріс шығындарының өсуімен бірге жүріп отырады;
тау-кен өндірісінің дамуы экологиялық жағдайдың нашарлауымен қатар жүрді.
Сонымен, тұтынудың тез өсуі бірқатар проблемаларды алға шығарды, соның маңыздысы минералды және бірінші орында энергетикалық шикізаттардың үздіксіз өсіп жатқан қажеттіліктерді қамтамасыз ету. Бұрын КСРО Еуропада электр энергиясын өндіруден бірінші орын алған, ал әлем өндірісінде КСРО-ның үлесі 16%-дан жоғары болды. Табиғи қорлар құрылымында пайдалы қазбалар үлесі 70%-дай болды. Бұл кәсіпорындарда әлемдік тау-кен өндірісінің 28%-ы өндірілетін өнеркәсіп саласын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Минералды-шикізат қорлары базасында ірі халық шаруашылық кешендер қалыптасты.
Қазақстан минералды-шикізаттардың ірі қорына ие және осы көрсеткіштерге сай әлемдегі бес жетекші елдер құрамына кіреді. Республикадағы минералды-шикізат базасын дамытуда қазақстандық көрнекті ғалым, академик Қ.И. Сатпаев үлкен роль атқарды.
Республиканың жақсы тұрмысы минералды қорларды тиімді пайдалану мен қорғауға тәуелді. Бұл келесі шарттардың орындалуымен іске асады.
Табиғи қорлардың барлық түрі мемлекеттің меншігі, бұл оларды кешенді және жоспарлы түрде қолданып, болашақ ұрпақ үшін жер байлығын сақтауға мүмкіндік береді;
Халық шаруашылығын минералды шикізатпен мейлінше аз қоғамдық шығындар арқылы қамтамасыз ету, тау-кен өндірісінің қоршаған ортаны ластайтын әсерлерін азайту үшін прогрессивті аз қалдықты және қалдықсыз өндірісті енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |