факторлар
Қоғамның әрі қарай дамуы үшін шикізатпен отын-энергетикалық қорлардың маңыздылығын ескере отыра, табиғи қорлардың тек тауар өндірісі элементі емес, сонымен қатар, бүкіл қоғамның даму элементі екенін назарға ала отырып бағалау керек. Бағалау тек фактілік шығындарды ғана көрсетіп қоймай, табиғи қорлардың халық шаруашылығындағы маңызын да көрсету керек. Сонымен қатар тауар-ақша қатынасы сақталғанда да, экономикалық бағалау құндық формада көріну керек, сондықтан да табиғи қорлардың бағалануын оларға төленетін төлемдермен байланыстырады. Бірақ төлем бағалау элементі болса да бұл түсініктер ұқсас емес, себебі сапалы табиғи қорлар өндіруші ұжымдарға қосымша таза өнім алуға мүмкіндік береді. Қоғам бұл таза өнімді табиғи қорларға дифференциалдық төлем-төлеу жолымен алу керек, бірақ бұл қор құны болып есептелмейді.
Минералды қорларды құндық бағалау кезінде көптеген экономикалық, техникалық, географиялық, геологиялық және т.б. басқа факторларды ескеру керек. Минералды қорлардың бағалануына түрліше қарап, геологиялық, географиялық, экономикалық басқа да бағалауларды ажырата білу керек.
Минералды қорлардың экономикалық бағалануы тек өндіріс процесінде түсініліп, анықталуы мүмкін, ал экологиялық бағалану адам мен табиғаттың қарым-қатынасы арқылы қалыптасады. Бірақ та экономикалық та,
экологиялық та бағалану өндіріс арқылы анықталады. Тек қана минералды қорларды пайдаланғанда пайда болатын халық шаруашылығындағы жан- жақты күрделі арақатынастарды ескере отырып, минералды- шикізаттың және отын- энергетикалық қорлардың пайдалылығын дәл анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |