ТҚШТ = Е ∆y / Ш
Е ∆y – ластануды төмендету нәтижесінде зиянды азайту сомасы,
Ш – табиғат қорғау шараларын жүргізуге шығар жылға балаған шығындар.
Алайда бұл есептеулер қоршаған ортаның ластануынан туатын шығынды анықтауда және тоқтатуды іске асыруда өте қиын. Олар халық шаруашылығын барлық аймақтарында және ірі кәсіпорындар деңгейінде қолданыла алады.
Жекелеген кәсіпорындар деңгейінде нақты шешімдер қабылдау екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде кәсіпорын бекітілген экологиялық мөлшерлерді бұзуға тура келетін жағдайлар ескеріледі. Екінші кезеңде, экологиялық көзқараспе, ең аз шығын әкелетін жолдар таңдалады.
Табиғатты қорғау қызметі өте көп қаржыны қажет етеді. Табиғатты қорғау үшін қолданылатын құрылғы құны кәсіпорынның барлық құрылғыларының 30%-на немесе құрылғылардың жалпы құнына тең болуы мүмкін.
Біздің елімізде табиғатты қорғауға ұлттық өнімнің 1%-ы бөлінеді.
Бұл экологиялық қана емес, экономикалық та жағдайлардың ең жақсы жиынтығына жету үшін жеткіліксіз.
Бізде қазір зиян көлемі табиғатты қорғауға кететін шығындардан 10есе көп, және ол ЖӨ-нің 8-9%-на тең болады. Зиянды тез азайту үшін біздің экономиканың күші келмейтін өте үлкен қаржы салу керек. Сонымен қатар, кәсіпорындар табиғатты қорғауға әлсіз материалдық қызығушылық көрсетіп отыр. Табиғатты қорғау қызметі тиімді – деп есептейтін осы проблеманы шешудің жолы сапаны нашарлатып алмай-ақ тазартуға кететін қаржыны үнемдеу. Бұған көмек экологизация шартында, ғылыми техникалық прогрестер арқылы өндірісте қалдық деңгейін азайтатын жаңа технологияларды пайдаланып, табиғатты қорғау жүйесінде арзан әдістер мен құрылғылар қолдану болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, кез-келген экологиялық проблемалардың шешімі экономикалық проблемалармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл байланыс екі жақты- табиғатты ысыраппен пайдалану экономикалық шығындарға әкелуі, өндірістің дамуын тежейді, ал қаржының жетіспеушілігі экономикалық қиындықтарды жеңуге мүмкіндік бермейді. Қоғамның экономикалық және экологиялық қызығушылықтары алыс келешекте де қатты ұйқасады. Себебі, кез-келген өндіріс орны тек қана өндіруші адам арқылы және табиғи қорлардың келешегіне сай дамиды. Ал олардың сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндіріс нәтижесі жоғары болады.
Қазіргі кезде және жақын болашақта, қазіргі экологиялық дағдарыс жойылмайынша табиғатты қорғау сферасына көп еңбек қажет. Бірақ бұл қызмет болашақта табиғаттың сақталуына мүмкіндік жасаса да, өндірістің түсімін азайтады, сондықтан да экономикалық және экологиялық қызығушылықтардың қақтығысуы шарасыз.
Достарыңызбен бөлісу: |