Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


ТАҚЫРЫП 2. ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЭКОНОМИКАСЫ



бет8/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Контент табигатты пайдалану

ТАҚЫРЫП 2. ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЭКОНОМИКАСЫ



Лекция жоспары:


    1. Табиғи қорлар, қоршаған орта мен табиғатты қорғау қызметтеріне экономикалық зиян.

    2. Қазақстандағы табиғатты пайдалануды реттеудің заңды негіздері: міндеттері мен келешегі


    1. Табиғи қорлар, қоршаған орта мен табиғатты қорғау қызметтеріне


экономикалық зиян.
Табиғи қорлар – адамдардың тіршілік етуі үшін аса қажетті табиғаттың күштері мен заттары. Оған күн сәулесі, су, ауа, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, пайдалы қазбалар мен басқа да адам қолымен жасалмаған, бірақ оларсыз тіршілік иесі және өндіруші ретінде адам өмір сүре алмайтын игіліктер жатады. Олар мынадай түрде қолданылады:

      • аса қажетті тұтыну өнімдері (ауыз су, оттегі, жеуге жарамды және дәрілік жабайы өсімдіктер, балықтар және т.б.);

      • қоғамдық өндірістің іске асуына ықпал ететін еңбек құралдары (жер, су көздері және т.б.);

      • түрлі заттар жасалатын еңбек құралдары (минералдар, ағаштар және т.б.);

      • энергия көздері (гидроэнергия, жанар-жағар май қазбаларының қорлары, жел қуаты және т.б.).

Сонымен қатар, табиғи қорлар демалыс пен емдеу үшін және басқа да мақсаттарға қолданылады. Адамның бар өмірі, өндіргіш күштердің аймақтық бөлінісі мен қозғалысы табиғи қорлардың көлеміне, саласына және орналасуына тәуелд і болады.

Олардың ең маңыздыларымен қамтылуна қарай, олар ұзаққа жете ме?

Бұл сұраққа дәл және бір сөзбен жауап беру мүмкін емес.

Табиғатты қорғау қызметтерін басқарудың экономикалық әдістерін жасау проблемаларын, қоршаған ортаны қорғауға материалдық жағдай жасауды табиғи қорларға дұрыс экономикалық баға беру арқылы шешуге болады. Бұл табиғатты пайдалану экономикасының міндеті болып табылады. Қоршаған ортаның ластануынан экономикалық зиян болып табылатын ғимараттар мен құрылғылардың тез тозуы, науқастықтың өсуіне байланысты емдеуге шығындардың өсуі, еңбек өнімділігінің нашарлауы, егін шығуының азайып, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасының нашарлауы, балық

аулаудың қысқаруы пайда болады.

Табиғатты қорғау шараларының тиімділігі (ТҚШТ) мына формуламен көрсетіледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет