Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі alikhan bokeikhan university баяндама



бет2/5
Дата15.10.2023
өлшемі38.7 Kb.
#480792
1   2   3   4   5
Педагогикалық шеберлік жүйелері. Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады.
Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: Педагогтың іс-әрекетіндегі ғуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
Педагогтық іс-әрекеттеғі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
Л. Н. Толстой былай деген болатын: "Еғер мұғалім өзінің балаларға деғен сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мүғалім". Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:
- өзін шебер педагог ретінде танып білу.
- педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
- балаларға, балалар ұжымына деген сүйіспеншілік- ынтымақтастық бейімділігінің болуы.
- педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының болуы.
Кәсіптік білім, білгірлік. Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі - кәсіптік білім. Мүғалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік. Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі - педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты, бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады.
- Адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммунативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету.
- Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық. Адамдарда болатын күрделі сапалық қасиеттерді, ажыратып тани білу қабілеттілігі (эмпотия, педагоғическая интуиция).
- Жеке бас динамизмі - эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу. (жаңашыл педагогтар тәжірибесінен байқалады).
- Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.
- Оптимистік болжай білушілік алға үмітпен қарау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.
в) Педагогтың іс-әрекеттің техникасы. Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтық іс- әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудің екі түрін құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі педагогтык, міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша - педаготтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділікпен жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
Педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі.
- Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
- Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
- Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
Іс әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілғен әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады.
Жоғарғы оқу орындарының міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шыңдалып өзінің жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. Өз заманында А. С. Макаренко педагогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі казірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, Сабақ басталды, оқушылар сабаққа отырды, Одан кейін бір оқушы кешігіп келді, - Ол ситуация; мұғалім үйге берген тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы тапсырманы орындамаған - ол ситуация; Сабақ үстінде оқушылар жазған қағазын лақтырып отырды - ол ситуация.
Бұл ситуацияны бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық мақсатқа жақындастыру.
Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманы түсіну, ситуацияны талдау, оны дұрыс шешуден басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет