Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі alikhan bokeikhan university баяндама



бет4/5
Дата15.10.2023
өлшемі38.7 Kb.
#480792
1   2   3   4   5
ҚОРЫТЫНДЫ
Инновациялық педагогикалық қызметтің басты формасы мен маңызды құрауышы эксперимент болып табылады. Қызметі мен мазмұнына қарай педагогикалық эксперимент оқу, дидактикалық, ғылыми-зерттеушілік түрде болады. Білім беру саласында эксперимент толықтай таным әдісі ретінде талқыланады.
Педагогикалық эксперименттің мақсаты алуан түрлі педагогикалық әрекеттің, яғни ұйымның оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формаларының тиімділігін тексеру болып табылады. Ол педагогикалық іс-әрекет пен олардың нәтижесі (білім мен білікті игеру, қабілеттерді дамыту, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және т.т.) арасындағы себеп-салдар байланысын құруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық инновация - педагогикалық іс-әрекетке жаңалық енгізу, тиімділігін арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу технологиясына және мазмұнына өзгерістер енгізу. Тұлғаның инновациялық потенциалын келесі негізгі параметрлермен байланыстырады:

  • жаңа идеяларды ойлап табу және оны жүзеге асыру, ең бастысы – оларды практикалық түрде жобалау иен пішіндеу шығармашылық қабілеті;

  • мәдени-эстетикалық дамуы және білімі;

  • өз іс-әрекетін жетілдіруге дайындығы және сол дайындықты қамтамасыз ететін ішкі әдістер мен құралдардың болуы.

  • дамыған инновациялық сана (дәстүрлімен салыстырғанда инновациялық қызметтің құндылығы, инновациялық қажеттіліктер, инновациялық тәртіп мотивациясы).

Инновациялық қызмет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты үдерістермен сипатталады.
Осы айтылғандар инновациялық үдерістің мынадай факторларымен байланысты:
1) Мектеп басшыларының шығармашылық потенциялы, даярлау процесіне қатысушылардың жаңа технологиялармен оқытудағы инновациялық іс-әрекеттері;
2) Инновациялық үдеріс көрсеткіштерін даярлаған кешенді бағдарламалармен жоспарларды ғана көрсетіп қоймай, оны қабылдаушы ортаның ықпалын анықтау;
3) Бағдарламалар мен жоспарларға қосымша кеңес беру, баламалық нұсқалар әзірлеу, өз мерзімінде түзету жасап отыру. Бұл фактор маңыздылығы кез-келген жаңалық барлық уақытта тиімді нәтиже көрсете бермейді. Сондықтан, инновациялық іс-әрекетте егер жаңалық сәтсіздікке ұшыратар болса, оны тез арада ретке келтіру шаралары ойластырылу қажет;
4) Әлеуметтік-экономикалық орта. Инновациялық қызметтің психология-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қамсыздану кепілдігі болуы шарт.
Мұғалімнің инновациялық қызметі 3 кезеңнен өтеді: жаңалық енгізуге дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық үрдіске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезең.
Алғашқы кезеңде мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті репродуктивті деңгейімен анықталады. Мұғалімнің инновациялық қызметінің репродуктивті деңгейі – мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіруі болып саналады. Мұғалім инновациялық педагогикалық технологияларға тұрақты көзқараста болып, оқыту мен тәрбиелеуде баламалы технологиялардың қажеттігін түсініп, оқу-әдістемелік кешеңдеріне аздаған өзгерістер енгізу арқылы, өз тәжірибесінде пайдаланады.
Инновациялық қызметтің жүру кезеңінде мұғалімнің инновациялық қызметінің екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты белгілі бір мақсатпен жүйелі ендірумен сипатталады. Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді іздестірумен айналысады.
Педагогикалық үрдіске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық қызметтің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтап, оларға диагностикалық талдау жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық қызметінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық қызметінің жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық қызметінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады.
Педагогикада «инновациялық қызмет» түсінігі барынша терең мағынада қарастырылады және кең мағыналық диапазонға ие. Бұл ең жоғарғы нәтижелерге жету, жаңа білімді алу, жаңа педагогикалық тәжірибені енгізу мақсатында өз педагогикалық тәжірибеңді салыстыру мен оқу арқылы оқу-тәрбие үрдісінде түсінуге негізделген мақсатты педагогикалық қызмет, бұл білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық жаңалықтарды жоспарлау мен жүзеге асыруға байланысты шығармашылық үдеріс.
Инновациялық шешімдерді қабылдау білігі, белгілі бір тәуекелге бару, жаңалықтарды жүзеге асыру кезінде пайда болған кикілжіңді жағдайларды сәтті шешу, инновациялық кедергілерді жою педагогтың инновациялық қызметінің табысты жүзеге асуының қажетті шарты болып табылады.
Айта кететін жайт, кез-келген педагогикалық инновация, соның ішінде оқуды дамыту технологиялары психологиялық-педагогикалық диагностиканың алдын ала нәтижелеріне негізделуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет