Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус


Курстың академиялық презентациясы



бет3/5
Дата13.10.2022
өлшемі29.18 Kb.
#462561
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Силлабус Арт білім 2022 (1)

3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК – Базалық пән, таңдау компоненті
«Арт білім беру» пәні қоғамдық мәдени оқу орнында студенттердің мәдениетіміздің негізгі құрамдас бөлшегі саналатын өнер туындылары мен түрлерін жеке таныстыра отырып болашақ оқытушы-студенттердің бойында дәстүрлі төл өнеріміздің негізінде рухани - патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Соңғы уақыттағы әлеуметтік жағдайлар болашақ кәсіби мамандар дайындауда жаңаша талаптарды қажет етеді. Күрделі шығармашылық міндеттер мен мақсаттарды шеше алатындай, теориялық білімі мен тәжірибелік икемділігі бар мамандарды дайындау - тәрбиенің негізгі үрдісі. Ол студенттердің алған білім сапасы сауатты құрылған оқу бағдарламасына тікелей қатысты. Шапшаң жаңа өмір қарқыны өз шарттарын талап етеді, осы мақсатқа бағыттала құрылған бағдарламада жаңа материалдар мен тақырыптар ұсынылған.


4.Курстың академиялық саясаты:
«Арт білім беру» оқу курсының мақсаты- болашақта көркем шығарманы толық мәнді қабылдай алатын және болашақ мамандығының түрлі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан ойлап үйренуге ынталандыру, өнер тарихының теориялық негіздерімен тереңірек таныстыру және олардың жан - жақты маман болып қалыптасуына бағдарлай ұйымдастыру.
«Арт білім беру» пәні университеттің 2-3 курстарында барлық педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтағы студенттерінің оқу курсында бірдей оқылады.
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, мұражайлық, театрлық тапсырмалар мен жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет