Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


потенциалдарын тиімді меңгеру мұғалімдердің дайындықтары бо- латын келесі жағдайларға сүйенуі қажет: ·



Pdf көрінісі
бет165/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   189
bilimdi akparattandyru

292
потенциалдарын тиімді меңгеру мұғалімдердің дайындықтары бо-
латын келесі жағдайларға сүйенуі қажет:
·   Компьютерлік құралдармен жұмыс жасауға оқыту, білім беру 
мазмұнының бір бөлігі болып табылады;
·   Оқытуда қолданылатын ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдары, мəселені шешетін тек құрал ретінде, оның 
қолданылуы өздік мақсатқа айналмауы тиіс;
·   Компьютерлік оқу құралдарын қолдану оқу жəне кəсіптік 
міндеттерді шешу бойынша адамның ойлау қабілетін кеңейтеді;
·   Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдары арқылы 
жұмыс жасауға оқыту ойлауды қалыптастыратын əдістердің 
бірі болып табылады.
Білім беруге ақпараттық-қатынастық технологиялар енгізуге 
байланысты оқу орнының мəдениетінде жəне мұғалімнің оқу 
үдерісіндегі рөлінде өзгерістер болып жатыр. Өздігінен білім алу 
қарқынына байланысты педагогтың кеңестік жəне түзетушілікке 
бағытталған оқытудағы қызметтері күшейіп жатыр. Оқушылардың 
қазіргі заманғы ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
құралдарымен ұсынған мол ғылыми жəне оқу ақпараттары 
жағдайларында педагогтардың негізгі жəне аралас оқу пəндері 
саласында кəсіптік дайындықтарына қойылатын талаптар 
артады. Сəйкесінше, оқытушының тұлғалық, жалпы мəдениет
тілік, коммуникативтік сапаларына байланысты талаптар да 
жоғарылайды. 
Өкінішке орай, оқу үдерісінде қолдануға арналған көптеген 
ақпараттық ресурстар үшін төменгі педагогикалық деңгей 
сəйкес келеді. Мұндай жағдайлардың негізгі себептерінің бірі 
– компьютерлік оқыту бағдарламалары нақты пəнді оқыту 
мазмұны мен əдістемесін, дидактика, психология саласындағы 
мамандардың қатысуынсыз, бағдарламалау саласындағы маман-
дар құрады. Сонымен қатар, оқытушылық жұмыстарда үлкен 
еңбек өтілі бар белгілі педагогтар жаңа ақпараттық-қатынастық 
технологиялардан алыс болады, оларды пайдаланбайды, ескішіл 
ойларымен олардың маңыздылығын əрқашан түсіне бермейтіні 
мəлім. 
Көптеген мұғалімдер компьютерлік техника жəне оқытуда ақпа-
раттық ресурстарды қолданудың алдында психологиялық кедер-
гілерден өтеді, ол əдетте аталған құралдар мен технологиялар педа-
гогикалық мүмкіндіктерге қатысты күмəндармен бүркемеленеді. 


293
Мұндай бағаламаушылық білім беруді ақпараттандыру үдерісінің 
мəнімен жалпы түрде танысумен түсіндіріледі. 
Жалпы түрде талдау оқыту үдерісіне ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың енгізілуі компьютерлік құралдардың көмегімен 
оқушыларға көрсетілетін оқытушыға белгілі мазмұн ретінде 
қабылданады. Мұндай əдіс оқушылардың көрнекі-бейнелі жəне 
теоретикалық бейнелі ойлауын жандандыратын мүмкіндіктерін 
қолданылмаған етіп қалдырады. 
Оқушыларды оқытуда ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын қолдануда қазіргі заманғы педаго-гикалық 
кадрлардың дайындығын қалыптастыру үдерісінде оң əсер беретін 
бірнеше негізгі факторлар бар. Əсіресе, мұғалімдердің біліктілігін 
көтеретін көпдеңгейлік жүйені құру қажет. 
Білім беруді ақпараттандыру жағынан қарасақ, барлық оқыту-
шыларды екі негізгі категорияға бөлген жөн: дайын ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарын қолданатын оқытушылар 
жəне педагогикаға бағытталған компьютерлік құралдарды 
құрастырушы оқытушылар. Оқытушылардың бірінші категориясы 
соңғы деңгейге дейінгі қолданушыны дайындауға бағытталуы керек. 
Оқытушы компьютермен қарапайым жұмыс жасаудың дағдыларын 
меңгеруі, кең таралған əмбебап бағдарламалық пакеттер жайын-
да алғашқы түсінік алуы, мəтіндік редакторлармен, электронды 
таблицалармен жұмыс жасап үйренуі,  өз пəні саласында дайын 
компьютерлік бағдарламалармен жұмысты меңгеруі, əріптестерімен 
жəне оқушылармен телекоммуникация құралдарымен, əлемдік 
ақпараттық көздерге қол жеткізу құралдарымен қарым-қатынас жа-
сауды меңгеруі қажет. 
Оқушыларды оқытуда ақпараттық-қатынастық технологи-
ялар құралдарын қолдануға тырысатын пайдаланушы-оқыту-
шыға ақпараттық білім беру технологиялары негізінен 
психологиялық-педагогикалық дəрістер курсын өту ұсынылады. 
 
Мұндай курстарды практикалық түрде жүзеге асыру көптеген əр 
түрлі қиындықтар туғызады, себебі оның мазмұны психология-
лық-педагогикалық пəндер циклы мен бағдарламалық пен 
компьютерлік жəне телекомуникациялық технологияларды 
аппараттық жабдықтаумен байланысты пəндердің түйіскен жерін-
де орналасқан. Бірақ тиісті əкімшілік қолдаулар арқылы, егер оны 
оқуға əр түрлі мамандар қосылса, мұндай курс шындық болуы 
мүмкін. 


294
Өздігінен қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды 
құрумен айналысатын екінші категориялы мұғалімдердің дайын-
дығы білікті қолданушы немесе бағдарламалаушыны дайын-
дау деңгейіне жақындау керек. Бұл электрондық ресурстардың 
құрылымын рационалды жобалау жəне түсіну үшін өте қажет. 
Құрастырушы-оқытушылар үшін курста біліктіліктің жоғарылауы 
немесе өздігінен құрастыру негіздерімен жəне ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарын қолданумен, осыған бай-
ланысты педагогика жəне психология негіздерімен танысу маңызды 
болады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын құрастыру 
барысында  жүйелік жəне қолданбалы бағдарламалаушылар, пси-
хологтар, дизайнерлер, эргономика саласындағы мамандардың 
қатысуымен құрылған шығармашылық ұжымның болуы қажет, 
бірақ сапалы жобаның құрылуының жеткілікті шарты болмайды. 
Білім беретін электрондық ресурстың негізгі ойы, мазмұны мен 
идеясы пəн оқытушысымен ұсынылып, жетілдірілуі керек. Со-
нымен қатар, оған өзінің ойлары мен идеяларын қолданып жатқан 
аппаратураның, бағдарламалық жабдықтаманың, құрастырушылар 
ұжымының кəсіптік дайындығы деңгейінің нақты мүмкіндіктерімен 
үйлестіру қажет. 
Оқушыларды оқытуда қолданылатын электрондық ақпарат-
тық ресурстардың тек педагогикалық қана емес, бағдарла-
малық құралдар болуына байланысты, оқу материалының 
құры-лымын мұқият тексерусіз олар арқылы оқу курсының 
мазмұнды бөлігін беру мүмкін емес. Осылайша, бүкіл курс бо-
йынша ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
реляциялық жобалау үшін құрастырушы-оқытушыларға оқу 
пəнінің мектептік материалы жайында жалпы құрылымдық-
жүйелік түсінігі, мамандандырылған құралдармен жəне оқу 
құралдары мазмұнын құрастыру технологиялары жөнінде түсінігі 
болуы қажет. 
Құрастырумен жəне ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
құралдарын қолданумен белсенді түрде айналысатын оқытушылар 
оқыту үдерісінде білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолдануға 
дайындығының жеткілікті деңгейін иеленуі қажет. Бұл дегеніміз 
оқытушылар қолданушы дағдыларын иеленуі керек, бағдарламалау 
жайында түсінігі болуы жəне өз пəнінің мамандары болуы керектігін 
білдіреді. 


295
Білім беру саласында ақпараттық-қатынастық технологиялар-
дың құралдарын қолданатын мұғалімге қойылатын талаптар 
барлық педагогқа ұсынылатын дəстүрлі талаптан, білім беруді 
ақпараттандыру үдерісінде қазіргі заманғы ақпараттық техноло-
гияларды қолданумен жəне ақпараттық-қатынастық технология-
ларды практикалық қолдану құралдарымен байланысты ерекше 
(спецификалық) құрастырылуы қажет.
Дəстүрлі талаптарға мыналар жатады:
Ұйымдастырушылық (жұмысты жоспарлау, оқушылардың топта-
суы, т.б.);
-   Дидактикалық  (оқу материалын нақты таңдау жəне дайын-
дау біліктілігі, құрал-жабдық; оқу материалының қолжетімді
анық, мəнерлі, дəл жəне жүйелі түрде берілуі; танымдық 
қызығушылықтарын жəне рухани қажеттіліктерін дамытуды 
ынталандыру);
-   Перцетивтік (тəрбиеленушілердің рухани əлеміне кіру 
біліктілігі, олардың эмоциялық жағдайларын обьективті түрде 
бағалау, психикалық ерекшеліктерін ашу);
-   Коммуникативтік (оқушылармен, олардың ата-аналары-
мен, əріптестермен, оқу орындарының басшыларымен 
педагогикалық қарым-қатынас жасай білу);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет