Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Əртүрлі ақпараттар негізінде оқыту



Pdf көрінісі
бет27/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   189
bilimdi akparattandyru

2.3 Əртүрлі ақпараттар негізінде оқыту 
көрнекілігін арттыру
Компьютерлік техниканың дамуына қазіргі көзқараспен назар 
аударсақ, аппаратты қамтамасыз ету жағдайында өңдеуге жəне əр 
түрлі ақпарат таратуға мүмкіндігі қалыптасқан құралдар түрлері 
ерекшеленеді. Дегенменде, соңғы жылдары мультимедиалық 
құралдар деген атқа ие болған құралдар қатарына əуен, дауыс 
жазбаларының жəне фото, бейне суреттерінің құрылғылары кірген. 
Егер жақын арада иісті сандық өңдейтін құрылғы жасалып, дами-
тын болса ол құрылғыда мультимедиалық құралдар қатарына кіретін 
болады. Бұндай құрылғылар информатикалық білімнің дамуында 
жəне оларды өз алдына бөліп оқып үйренуде айрықша мағынаға 
(сұранысқа) ие.


47
Мультимедиалық құралдар информатикалық білімнің 
негізгі құралы болғандықтан, оның көрсеткіштерін – пайдалану 
тəсілін, түрлерін, т.б қасиеттерін білмегенше түсінуге болмайды. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын білім беруде 
пайдаланудың негізгі классификациясына тоқталайық.
Ақпараттың жіктелінуінің себептердің (критерийлердің) бір 
неше түрі бар. Бірінші көрсеткіш бойынша ақпаратты қабылдаудың 
ең қарапайым түрін айтуға болады, ол адамның көру есту, дəмін сезу 
сияқты ақпарат қабылдау қасиеттері. Ақпараттық көзқарас бойынша 
адам компьютерлік жəне коммуникациялық техниканы қолданғанда 
алатын əсерін анықтауға болады. Оны барлық ақпаратты қабылдау 
түрі бойынша негізгі үш түрге бөле аламыз:
1. 
Адамның көру қабілетімен қабылданатын ақпарат, яғни 
көрермендік немесе визуалды ақпарат. Бұл ақпарат түріне 
мəтін, графикалық суреттер, фотосуреттер, мультфильм жəне 
бейнефильмдар жатады.
2. Адамның есту аппаратымен қабылдайтын ақпараты, яғни 
дыбыстық ақпарат. Бұл ақпараттарға сөйлеу, музыкалық 
шығармалар, шумдар жатады.
3. 
 
Адамның сенсорлы (сезгіштік) жүйесімен қабылдайтын 
ақпараты, яғни сенсорлы немесе такттік ақпарат. Бұл арнайы 
техникалық құрылғылыр көмегімен алынатын ақпараттар.
Ақпараттың барлық көрсетілген түрлерін басқа да критерий-
лер көмегімен жіктеуге болады. Оның бір түрі ақпаратты адамның 
қабылдау тəсілі. Осыған байланысты қабылданатын ақпаратты 
ассоциативті жəне тікелей деп ажыратамыз. 
Адамның бұрын қабылдаған ақпаратының негізінде ойын-
да пайда болған басқа бір ақпаратты ассоциативті ақпарат ретінде 
анықтаймыз. Олай болса бұл ақпарат жіктемесіне мəтін, сөз, су-
реттер мен мультфильмдерді жатқыза аламыз. Оған мысал ретінде 
оқушылардың ботаника пəнін оқығанда танысатын өсімдіктердің 
мəтін немесе сөз түрінде жазылған анықтамаларын айтуға бола-
ды. Бұл жағдайда мəтінді оқу немесе оқытушының сөзін тыңдауы 
оқушының ойында бұрыннан өсімдікті көріп пайда болған 
ақпаратымен бірге жаңа ассоциациялы ақпарат пайда болады. 
Барлық оқушы ақпаратты бірдей қабылдамайтынын ескеру қажет, 
себебі əр оқушы ақпаратты өз алдына басқаша да қабылдауы мүмкін. 
Адамға тікелей ақпарат ең керекті, соның ішінде оқу мақсаты, 
нысана қасиеті сияқты ақпараттар жеткізеді. Бұл ақпараттарға тағы 


48
фотосуреттерді, бейнефильмді, шум ғылымында əуен деп аталатын 
дыбыстарды жатқыза аламыз. Мультимедиалық құралдардың ең бір 
ерекшелігіне тікелей ақпаратты көрсете алуы жəне оны өңдей алуы 
жатады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып үйренуде 
мультимедиалық құралдарды қолдану оқушының танысып жатқан 
өсімдігін жəне онда жүретін үрдістерді көруіне, өсімдікті тануға 
қосымша мəліметтер беретін əуендерді тыңдауына, нақты нысана 
мен өмірдегі үрдістерді салыстыруына мүмкіндік тудырады. 
Ақырында, мультимедиа жəне мультимедиалық құрал түсінігін 
дербес жағдайда бір жағынан, əр түрлі ақпарат беретін əрі оны 
өңдейтін компьютерлік техникамен, екінші жағынан, білімнің 
тиімділігіне əсер ететін Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құрылғыларымен тығыз байланысты деп айта аламыз. Білім беру ар-
насына мультимедиалық құралдарды енгізу жаңа оқыту əдістерін жа-
сауда, компьютерлің бағдарламаларды толтыруда əрі оқытушының 
кəсіби қызметін дамытуда өте тиімді. 
Мысалы, білім беру жүйесінде бейнефильмдерді сақтап, өңдеп, 
əуендетіп алатын мүмкіндігі бар мультимедиалық құралдардың пай-
да болуы оқушылардың қызығушылығын арттыратын компьютерлік 
бағдарламаның жасалуына əкелді. Бұл өз кезегінде сабақ уақытында 
оқушының компьютермен жұмыс істей отырып, сабаққа байланыс-
ты бейнеүзінділер көруімен қатар оқуға деген ынтасын арттыратын 
жаңа əдістемелік сценарийлер туғызды. Қазіргі уақытта білім бе-
руде қолданылатын бейнематериалдар мультимедиалық құралдар 
арқасында сапа жағынан өзгергені айқын.
Басқада көптеген сөздер сияқты «мультимедиа» сөзі де əртүрлі 
мағыналарға ие екенін түбегейлі түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет