Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Ақпаратты гипермəтіндік түрге келтіру. Гипермедиа



Pdf көрінісі
бет59/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   189
bilimdi akparattandyru

5.2 Ақпаратты гипермəтіндік түрге келтіру. Гипермедиа
Білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялардың 
бірін ақпаратты сақтау мен көрсетуге бағытталған технология деп 
есептеуге болады. Əртүрлі басылымдарда оған мəліметтер қорын, 
презентациялық жəне басқа да ақпараттық технологияларды құруға 
қолданылатын əдістер, тəсілдер жəне алгоритмдері жатқызылады.  
Соған қарамастан, қазіргі уақытта негізгі телекомуникациялық 
жүйенің кең таралуына байланысты ақпаратты сақтау мен көрсетуге 
арналған барлық жекеленген əдістерді қамтитын Интернет желісі 
тəрізді сыйымды технология пайда болды. Мұнда педагогтар мен 


132
оқушыларға жиі жұмыс істеуге болатын гипермəтіндік технология-
лар туралы сөз болып отыр.
Ақпаратты гипермəтіндік түрде көрсету негізінде мəтін дəстүрлі 
ұғымын сызықты емес мəтін ұғымын енгізу жолымен кеңейту ту-
ралы идея жатыр, ол арқылы ерекшеленген мəтіндік үзінділер 
(ақпараттық мақалалар) арасында тығыз байланыс орнатылады жəне 
мəтіндегі бір фрагменттен басқаға көшу ережесі анықталады. Бұдан 
гипермəтін немесе сызықты емес мəтін деп аталатын жүйе пайда 
болады. Гипермəтіндік жүйені компьютерлендірудің негізгі идеясы 
гипермəтіндік мақалаларды автоматты сақтау жəне олардың өзара 
ауысуын қамтамасыз етуінде. Бірақ гипермəтін əрқашан компью-
термен жəне оған сəйкесінше автоматтандыру технологияларымен 
байланысты емес. Компьютерлік гипермəтінді қолмен жасалатын 
гипермəтін басып озды, оның бір нұсқасы – үлестірмелерді дəстүрлі 
түрде қолдану. Мұндай үлестірмелерді нөмірлеуге жəне сілтемелер 
арқылы жабдықтауға болады. Олардың ыңғайлылығы, аз ғана көлем 
ала отырып, жазбаны бірнеше бөлікке бөлуінде. Қолданушы жаңа 
ақпараттың есебінен жүйемен байланысты өзгерте отырып, картоте-
каны жеңіл қайтадан ұйымдастыра алады. Бірақ, шынында, мұндай 
картотеканың көлемін арттырумен таңдалған байланыс арқылы 
қажетті карточканы іздеу қолмен орындалатындықтан, онымен 
жұмыс істеу қиындық келтіре бастайды.
Қолмен орындалатын гипермəтіннің басқа нұсқасы – бұл қағазға 
басылған анықтамалық кітап, мəселен, сөздік немесе энциклопедия. 
Мұндай кітаптарда жарияланатын мақала немесе анықтаманың бір-
біріне сілтемесі болады. Осы сілтемелердің негізінде оқырман толық 
жəне өзара байланысты ақпаратты ала алады. Бірақ мұнда оқырманға 
сілтеме көрсетілген мақаланы іздеу үшін беттерді парақтау қажет 
емес.
Көптеген ғасырлар бойы ішкі қиылысатын сілтемелер жəне басқа 
құжаттарға сілтеме жасау мазмұнның маңызды бөлігін құрайды. Мы-
салы, Құранда аннотация жəне мəтінге орнатылған комментарийлар 
көп қолданылады, сонымен қатар басқа ақпарат көздеріне сілтеме 
жасау үлкен рөл атқаратын Абайдың шығармаларын атауға болады. 
Бұл мысалдардың барлығы гипермəтіннің бұрынғы уақытты  түріне 
байланысты айтылған. 
Қазір, көптеген мамандар, ақиқат гипермəтін туралы ком-
пьютер арқылы орындалатын гипермəтінді айтуға болады деп 
есептейді. Гипермəтінді толығырақ қарастырайық. Гипермəтіннің 


133
негізгі компоненті мəтіннің жəне басқа мақалаларға сілтеменің 
тақырыбынан тұратын анықтамалық немесе ақпараттық мақала 
болып табылады.  Ыңғайлы болуы үшін гипермəтін алфавиттік 
көрсеткішпен (кіріспе, глоссарий немесе индекспен) жəне басты 
тақырыптар тізімімен жабдықталуы тиіс. Ақпараттық мақалада 
сипатталатын нысанның атауы берілетін тақырыппен байланысты-
рылады. Мақалалар қолданушының оны оқып, басқа мақалаларға 
көшіп кетпеуі үшін  көз тартатындай болуы қажет. 
Мақаланың мазмұнын ашатын басты элементі – мəтін
Ақпараттық мақаланың мəтіні ұғымның мəнін ашуы үшін 
түсініктемелер, мысалдар, дəлелдемелер, салыстырулар, бағалаумен 
көрсетілуі мүмкін. Мақаланың мəтінін асығыс қарауда, қосымша 
ақпараттың негізгі ақпараттың безендірілуінен айырмашылығы 
болуы шарт. Мысалы, ол негізгі ақпаратқа қарағанда оң жағынан 
жеке абзацпен немесе ұсақ шрифтпен терілуі тиіс. Бұдан басқа, 
қазіргі компьютерлік құралдарды гипермəтінді ұйымдастыруда 
қолдану мақала жазушыларға көптеген нұсқалардың ішінен 
өзіне ұнайтын түсті беруі тəрізді мүмкіндік береді. Анықтамалық 
мақаладағы ақпарат тез көруге жəне таңдап оқуға мүмкіндік беретін 
тақырыпшалармен реттеліп, қамтылуы тиіс. Безендіру барлық 
гипермəтіндік беттерді қарау арқылы, барлық тақырыпшаларды 
қиындықсыз қарап шығуға жағдай жасайтындай болуы тиіс. 
Гипермəтін ақпараттық мақаланың негізінде өзара туыстас 
сөздер мен мақала арасындағы арнайы мағыналық сілтемелерді қосу 
арқылы ұйымдастырылады. Туыстас тақырыптардағы сөздер тізімі 
жергілікті анықтамалық аппаратты білдіреді. Сілтемелер тізіміне 
мақаланың тақырыбы немесе тақырыптың мағынасы жағынан жалпы 
немесе жеке тақырыптар, сонымен қатар мақалада қарастыралатын 
сатыдағы заттар мен үдеріс кезеңдері мен қатысушылары туралы 
мəліметті білдіретін мақаланың тақырыптары беріледі.
Телеқатынастарды енгізу жəне білім беруде ақпараттық техно-
логияны күнделікті қолдану алдыңғы қатарлы ақпараттық құралдың 
– гипермедиа жүйесін құруға əкелді. Гиперорта немесе гипермедиа 
деп гипермəтін аталады, оның құрамына əртүрлі типтегі ақпаратты 
құрылымдау кіреді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет