Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет101/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
теу, жауға қарсы соғыстағы есте қаларлық ұрыстарды көрсету, өмірдің 
мәні туралы, адам туралы ой-толғаныстар, қорқақтық пен ашкөздікті 
айып-тау, оңбағандық пен ұждансыздыққа, ерлік пен инабаттылықты 
қарсы қою – шығармадағы негізгі ойлар. Қ. Жалайыр айтады:
«Оғыз: Қарахан баласы: Тілегім тек көктегі құдайға кім иман 
келтірсе, тек сонымен ғана дос боламын» [2, 28 б.].
Соғысып, оғыз Қарахан әскерлерін жеңді, өз дінін орнатты, үлкен 
патшалық құрды. «Осылай ру-руымен болып, бір-біріне қосылды, 
әрбірінің оттарын ажыратты» [2, 30 б.]. «Бектер, Ұлықтар (әмірлер) 
және сәруерлер (тайпа көсемдері) және мүтәбірлер (ардақты 
адамдар), кейбір қауымдар осылардан пайда болды» [2, 33 б.].
Қазақтардың XVI ғасырдағы өміріндегі халық даналығы дүниені 
түсіндіріп қана қоймай, адамды сыртқы дүниемен үндес болуға 
ұмтылатыны көрсетілген. Сондықтан сол замандағы тарихи-мәдени 
дәстүрдегі басты мәселе – адамның тікелей өзіне қатысты. Оның негізгі 
қасиеттері деп Жалайыр пайым мен зерденің, ақыл мен әділеттің, 
бақыт пен қанағаттың мәселелерін атайды. Бұл қасиеттер ғұламаның 
үйлесімділігін белгілейді, сондықтан да әлем мен адам құрылымында 
басты рөлді өзара тепе-теңдік, сәйкестілік атқарады. Осыдан кейін Қ. 
Жалайыр таным, үйлесім және сұлулық қағидаларының шешуші 
рөлі жайлы ой қорытады. Қоғамның түбірінен жаңғыру сәтінде, 
мемлекеттің жаңа саяси күйге көшу кезеңінде бұған ұдайы назар 
аударып отыру қажеттілігі аталып өтеді. «Оғыздың барлық қауымын 
ол уақыттарда түрікмен деп атайтын еді. Оларға қыпшақ, қылыш 
(халаж) қаңлы, қарлұқтағы басқалар жатады. Бұл заманда моғол 
арасында аты аталып, белгілі болып жүргендерді жалайыр, татар, 
ойрат, меркіт және басқа кейбір қауымдар...» [2, 23 б.]. Керейіт, 
найман, онгут, қоңырат, курлас, икирас, елжигин, орнаңқыт, келгенут 
және басқаларын моғол дарлакин» – деп атайды.
Түріктер Диб-Какуйдің төрт ұлынан тараған еді. Қарахан, Орхан, 
Көрхан, Көзхан. Қараханның ұлы Оғыз атанды [2, 23 б.].
Еңбекте сол заманның тұрмысы өзінше сипатталған. Рулық-
тайпалық қатнастардан бастап болмыс шындығына дейін баян-
далған. Тек пен ерекшелік терминдері, этномимдер мен жер-су 
аттары тарихи мәнге ие болған. Дәстүрлі халық санасының сипаты, 
тарихы және мифологиялық құндылықтар, діни және этникалық 
терминология айшықталған. Сондай-ақ өз заманының, қоғамының 
әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің тарихи сипаттамасы, оның 
өзіндік және сапалық ерекшелігі айқындалған. 
Қ. Жалайырдың тарихи шығармалары, негізінен көшпелілер 
болмысы, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, 


104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет