Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет103/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында 
Әбілхайыр бұзған, бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру 
көшпеңділердің көкейкесті мүддесі еді. Мал шаруашылын ертеден 
кеңістікті аса қажет ететін экстенсивтік нысанда жүргізілген. 
Қазақстан-ның жер ауқымының кеңдігі сақталуының көп себептері 
осында болса керек. Шаруашылықтың экстенсивтік сипаты жерге 
қоғамдық меншіктің ерекше үлгісін қалыптастырды. Көшпелі халық 
үшін жерге деген меншік – ат тұяғы тиген, мал жайылысы жеткен 
жерлер. Жерге қауымдық меншік нысаны қазақ халқының тек төрт 
түлікті қана танып біліуімен шектелмей, жер, суды тануға мәжбүр 
етті. Сондықтан қазақ өзі көшіп-қонып жүрген ой-қырдың бәрін бес 
саусағындай білген.
Жалайыр мұрасынан туындайтын тағы да идея – бұл адамдар 
мінезі туралы. Ұстамдылық жақсы құлық. Ал ұстамды болу үшін, 
шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай 
ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек және керісінше
жетіспеушілік болса, молшылық жағына қарай ауытқыған жөн. 
Сөйтіп мінез-құлықта ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете 
беру керек.
Керісінше, адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» 
«тәңірден» болмай, оларды адамның өзі таңдауға болатын жағдайда 
белсенді әрекет факторына айналдыру абзал.
Адам баласы ежелден бақытты өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі 
тұрмысты аңсаған, армандаған, іздеген. Қайткенде адам бақытты 
болады, қай жерде, қандай жағдайда ол өзін бақытты сезінеді, 
міне, мұндай сұрақтар әр заманның данышпанын да, қарапайым 
жұртын да толғандырған. Шығыста Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, 
Батыста Сен-Симон мен Фурье, Кампанелла тәрізді ұлы ойшылдар 
адамгершілік, рақымдылықпен берекелік мәселелерін сөз еткен 
өздерінің шығармаларында идеал қала мен патшалықты, ондағы 
қайғы-мұңсыз адамдарды суреттеп, утопиялық ойдың озық үлгісін 
тудырды [11].
Қ. Жалайырдан жүз елу жылдай бұрын өмір сүрген Асан-Қайғы 
өз жыр, толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті 
нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін атаған. 
Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын 
ойлауға шақырады. Сол кездегі қоғамның әдет-ғұрып, мінез-
құлық мәселелерін көтереді. Өзінің ғұмырын туыстас руларды бір 
орталықты, қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды.
Жалайыр өмір сүрген кезең белгілі бір өмір талаптарын 
қарастыруды талап еткен болатын. Ол адам көзін табиғатқа, өзіне, 


106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет