III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
үшiн еңбектенбекшi. Тең құрбыңнан кем қалмай, дәулетке ие болу
әр адамның мақсаты. Бiрақ оны қол жайып, сұрап ала алмайсың, өз
күшiңе, өз талабыңа сенiм артуың қажет, сол жолда ерiнбей еңбек
етсең, сол еңбегiңнiң жемiсiн жейсiң деген ойды мына жырында
әдемi бейнелеген:
Көк көгершiн, көгершiн,
Көкқұтан ұшар жем үшiн.
Тем, тем үшiн, тем үшiн.
Тең құрбыдан кем үшiн.
Көк шекпенiн бөктерiп,
Ерлер жортар мал үшiн
Қатын-бала қамы үшiн
Әркiм өзi талпынбақ,
Басына бiтер бағы үшiн [2,67 б.].
Бақ-дәулет, өмiрдiң бар қызығы еңбекте, ел-жұрт тыныштығы
бiрлiкте екенiн «Балаларыма өсиет» деп басталатын өлеңiнде нақыл
сөздермен берген:
Бiрлiгiңнен айрылма,
Бiрлiкте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке…
Ақтамбердi туған жер, Отан тiлегiн бiрiншi орынға қояды.
Татулықты, мейiрiмдiлiктi, батырлықты көксейдi. Адамның
артықшылығы жомарт, жайдары мiнезiнде, ақылы мен бiлiмiнде
деп көрсетедi. Ер-азамат, сұлтандар, байлар мен жарлылар бәрi бiр
мақсатта болса деп армандайды. Халық арасындағы қайшылықты
ағайыншылықпен шешуге үндейдi. Асан Қайғының «Жерұйықты»
iздеуi де осы әдiлеттiлiктi, халықты бақытқа апаратын жолды iздеу
едi. Ол әдiлеттi болу адамның өзiне байланысты екендiгiн әсерлi
жеткiзе бiлдi. Әдiлеттiлiк орнатудың негiзi әлеуметтiк келелi тiршiлiк
мүдделерiне қарай иландыру, икемдеу, оның өрiсiн кеңейту, кеңiстiктi
пайдалану, уақытты бос өткiзбеу болып саналады. Асан Қайғы хан
мен халықты бiрiгiп қимылдауға, бiрiгiп әрекеттенуге шақырды. Ол
халық тiлегiн ханға жеткiзушi ғана емес, оның орындалуына жол
ашқан саяси тұлға едi. Ал Канттың «Мәңгi бейбiт өмiрге» трактатын
қарастырсақ, ол үшiн ең қымбат нәрсе – адам өмiрi. Адам өмiрiн
сақтау үшiн бейбiтшiлiк орнату керек, адамдар бiр-бiрiмен тату-тәттi
168
Достарыңызбен бөлісу: |