Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет173/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
қарсы күрескен жағдайдағыдан гөрі көбірек болуы мүмкін деген 
жорамал айтты. Бұндай көзқарас техникалық жағынан жақсы 
жабдықталған, бірақ техникалық жағынан нашар дамыған 
көршісінің дамуына мүдделі емес қоғам оның мәдениетін жоюға 
ұмытылуы мүмкін деген ұғымға келеді. Бұл пікір көптеген тарихи 
объективті толыққанды негіздерге сүйенеді және нақты әлеуметтік 
құбылыстарды олардың барлық қайшылықтарымен ұғындырады.
Бұл тарихи кезеңде Қазақстанның сыртқы қарым-қатынастарына 
әлеуметтік заңдылықтың күші әсер ете бастады, оған сәйкес көршілес 
тарихи субъектілердің мақсаттары объективтік заңдылыққа сәйкес 
өзара қарама-қайшылыққа түсуі мүмкін және тиіс еді. Гегельдің 
қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күрес заңында бұл аса 
логикалық және мазмұнды түрде ашып көрсетілген.
Тілге тиек болып отырған жағдайда, қазақ халқының ХVІІІ-ХІХ 
ғғ. тарихында қоғамдық сананың, дүниетанымның, дүниетанымдық 
және одан басқа барлық қарым-қатынастардың одан кейінгі даму 
барысына ықпал жасаған мәдени-тарихи оқиға болды. Жартылай 
көшпелі өркениеттің әлеуметтік және рухани ахуалы кейінірек түзеле 
бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни Ағартушылық дәуірі 
деп аталған кезеңде Ш. Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин 
және басқа да қазақтың қайраткерлері, ағартушылары қазақ халқын 
орыс, ал ол арқылы Еуропа және әлем мәдениетінің қазыналарынан 
сусындауға шақырды.
Олар қазақ ойшылдары, жыраулары рухани мұрасының мәні 
мен мазмұнын толық сақтай отырып, қазақ мәдениетінің гуманистік 
бағытталушылығын жалғастырды. Олардың дүниетанымында адам 
барлық қарым-қатынастарда бұрынғыдан да зор маңызға ие болды. 
Дегенмен, олардың басты жетістігі олардың орыс және Еуропа 
мәдениетімен бір-біріне сенушіліктің және жақындасудың мәдени 
негізін дайындауы болды. Олар ойшылдардың көптеген ұрпақтары 
мен қазақ халқы мәдени кеңістігінің өзге өкілдері өмірге келтірген ең 
жақсылар мен шынайылардың барлығы сақталатындығынан және 
одан әрі дамитынына үміттенді деп есептеген жөн. Сол уақыт үшін 
бұл Ресей жағынан әскери, экономикалық және саяси қорғаушылық 
жөніндегі келісім-шарттан өндірістік және өндірістік деңгейі 
жоғарырақ өркениетпен, орыс және әлем мәдениетімен жақындасу 
процесіне көшуді білдірді.
Қазіргі замандағы философия ғылымының алдындағы келелі 
міндеттердің бірі – мәдениеттер мен халықтардың терең деңгейлерде 
мәдени-тарихи жақындасуын, олардың психоментальдылығын
мәдени және мінез-құлықтық архетиптерін, діни дүниетанымының 


176 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет