Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет169/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Қазақ ойшылдары танымдық контексте толық негізді түрде 
алдыңғы қатарға кез келген танымның субъективтік негізі ретіндегі 
этикалық максиманы шығарады. Бұл максима адамның жетілуі мен 
өзін-өзі жетілуі, өзін тануының құпиясы болып табылады, ал оның 
этикалық бастамасы, этикалық императиві осыдан шығады.
ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ ойшылдары этикалық императивінің одан 
бұрынғы барлық моральдық кодекстерден және әдет-ғұрыптардан 
түбірлі айырмашылығы бар. Көшпелі қоғамда «қан орнына қан алу» 
күштінің күштің артық құқыққа ие болуы сияқты сарқыншақтар 
бой көрсетуімен қатар жауынгер жыраулар жауынгерлік рух 
пен ақылгөйдің, ұстаздың аса ізгі рухын бойына сіңірген жаңа 
дүниетанымның иесі болып табылды.
Әскербасы жыраулар мен батырлар жаулардың жасақтарымен 
және өз айналасындағылардың сатқындығымен, зұлымдығымен 
күресте қазақтардың бақытына, әлеуметтік және тұрмыстық 
әділеттілік мұратына қол жеткізуге ұмтылды. Олардың арнау-
ларында, образдарында және символдарында адам қарым-
қатынастарының рухани аспектісін дамытуға талпыныс аңғарылады. 
Олар догмалармен мінез-құлықтың қарабайырландырылған 
стереотиптеріне, адам қызметінің бағалануына қарсы болды.
Соғыстар, алауыздықтар және билік үшін қан төгіс күрестер 
заманында өмір сүрген жыраулардың ізгілігі қарапайым рецептер 
мен жобалар ұсынатын аңғырт ізгіліктен өзгеше. Олардың биік 
моральдық өмір салты мен мінез-құлықты өсиет етуінің, соған 
үндеуінің негізінде тәңірілік көрегендікке, сенім, әлемнің, адамдардың 
және олардың іс-әрекеттерінің эзотериялық бірлігіне сену жатыр. 
Өздерінің ерліктерімен, қадір-құрметке лайықтылығымен және 
әлемдік, әлеуметтік және дара кесапатпен күресімен олар эзотерия-
лық бірліктің нығаюына мүмкіндік туғызады, өз отбасы мен ата-
мекенін қорғайды және олардың игі идеялары мен образдарына 
орай тек осы жағдайда ғана олар өздерін «тәңір жаққан от ішіндегі 
ұшқынға» санай алады. Олардың көзқарастарының және әлемнің, 
қоғамның және адамның бірлігіне ұмтылыстарының өздеріне тән 
ерекшеліктерін осыдан да аңғаруға болады.
Олардың көзқарастары бойынша, кемелденгендік, артықшылық 
– егер олар бір-біріне көмектесу, жетілу, әлеуметтік даму үшін және 
жамандықтың барлық түріне қарсы күреске қызмет ететін болса, 
адам өміріндегі аса қажетті нәрселер. Жетілудің түрі ретіндегі рухани 
артықшылыққа қол жеткізу үшін адамнан ізгілік, адамдар арасында-
ғы бірлікті ұғыну, интуицияға ие болу және құдай санасына ерекше 
нұр құйғандар ғана байланыса алатын эзотериялық кеңістікті сергек 


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет