Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет208/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
салыстыра отырып қарастыру керек. Ал этноұлттық құндылықтар 
туралы ой айтар алдында осы құрылымды, жүйені құрайтын кейбір 
этнотарихи ұғымдарға тоқтала кетелік.
Қазақ философиясының қазақ поэзиясымен оның этикалық жә-
не эстетикалық дәстүрлерімен тығыз байланыста дамығаны белгілі. 
Жалпы дүниетаным көбінесе ауызша поэтикалық формада, көркем 
бейнелер арқылы өрбіді. Қазақ ділінің, өмір салтының ерекшелігі 
өзінше бір дүние. Ә. Нысанбаев ол туралы «Екімыңжылдық дала 
жыры» атты жақында жарық көрген жинақтың алғы сөзінде былай 
деп жазады: «Демек, дала поэзиясы – қазақы дүниетануды түсінуді, 
халықтың өзін-өзі тануының қайнар бұлағы. Мұнда дүниенің қазақи 
ұлттық түсініктегі бейнесі, философиялық және поэтикалық астары 
қабыса, асқан көркемдікпен көрсетілген. Халқымыздың кемел ойы, 
пәк гуманизмі, асыл мұраты, терең сезімі, ұлт болып ұйысу тарихы, 
өкініштері мен сүйеніштері – бәрі-бәрі оның поэзиясында сайрап 
жатыр. Қазақ поэзиясы қазақ халқының рухани даму эволюциясының 
шежіресі іспетті» [9, 5 б.].
Қазақ дәстүрлі мәдениеті Кеңес үкіметінің билік жүргізген 
заңына дейін өз күшінде болатын. Сол тарихи кезеңнің жарқын бет-
теріне қазақ ағартушыларының атқарған өнегелі қызметтерін атай 
аламыз. Жалпы қазақ даналығы өзінше үлкен тақырып, ол туралы 
Т.Х. Рысқалиев өз еңбектерінде жақсы талдаулар жасайды [10, 159–
160 бб.]. ХІХ ғасырдағы ағартушылық кезеңнің келуіне алғышарттар 
қазақ даласындағы ғұламалардың терең ойлы тұжырымдары мен 
руханилыққа шақырған іс-әрекеттерінің арқасында жасалынды. 
Қазақтың билерінің дәстүрлі қоғамда рухани байлықты көбейте 
түсуге сіңірген еңбегі зор. Төле бидің замандасы, әріптесі Қазыбек би 
рухани құндылықтардың ең қайнар көзі адамгершілікте, моральдік 
қалыптарда, жамандықты, жаман қасиеттерді жеңе білуде екенін 
Қазыбек би өз шығармашылығында атап көрсетеді [11, 30 б.]. 
Ұлы би жалпыадамзаттық бірліктің негізі сол адам өмір сүретін 
шағын әлеуметтік қауымдастықта қаланатынына меңзегендей. 
Дүниеде ол адамдарды сұрыптап, «жақсы-жаман», «бөтен-жақын» 
деп бөлмеу қажеттігін үйретеді. Тіршіліктегі әрбір пенденің өмір 
сүруге, бақытты болуға, қайырымдылықты сезінуге толық құқы бар 
екендігіне рухани бағдар жасайды Қаз дауысты Қазыбек. Бұл рухани 
ағартушылықтың бір көрінісі болатын.
Қазыбек бидің өмірдегі әлеуметтік қатынастардағы кейбір 
тұлғалық белгілерін анықтауы өте биік деңгейде болатын. Ол адам-
дардағы руханилықтың, жақсы тәрбиенің, моральдық бағдарлардың 
маңыздылығын көрсете білген. Мәселен, оған қойылған «Кім жақын, 


 
211


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет