III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
жазып таусылмас сыр, шер бар кеудемде деп ақын өзінің шабыты
буырқанған шығармашылық күйін суреттейді.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп білген халқымыз сөз қадірін
білген, шешендік өнерді құрметтеп, сөз ұстаған ел мүддесін қорғаған
ақын-жыраулардың өнегелі толғауларына құлақ асқан. Жұрт
тыңдарлық, көптің көкейіне жол табарлық сөзбен тағылым берсең,
ел ішіне тез таралар және өз өнеріңді де паш етерсің дейді. Артында
қалған ғибратты сөз ақын ғұмырын ұзартады. «Өлді деуге бола ма
айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дегендей-ақ,
ақын өзінің ел сөзін ұстаған жыршылық өнерін марапаттап, өзіне өзі
демеу болып, рух берер тұстары кездеседі.
«Сөйлеп қал, қызыл тілім, жақ барында,
Кеудеде ақыл, маңдайда бақ барында.
Мың сайтан, жүз пәлекет қамаса да,
Бір тәңірі қағып шығар сақтарында» [6, 116 б.].
«Сөйлеп қал, қызыл тілім, өлмей тұрып» деген ақын артындағы
жастарға тағлымды сөздерін қалдыруды көздейді. Сөз өнер болумен
қатар екінің бірінің қолына қонбайтын бақ, мүмкіндігінше сөз
маржанынан теріп, асыл-жауһарды қауымға ұсынып, болашақ
ұрпаққа мұралауға тырысады. Ақынның әрқашан медет тілеп, үміт
етері, бір және бар Хақ тағала.
«Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың,
Хақ деген пендең болса тастамайсың...
Су құйса төгілмейтін бозжорғаңның,
Аяғын аңдаусызда қақпағайсың.
Құдая, жаманыңмен теңді қылма,
Құрбымнан өзім теңді кемді қылма.
Жаратқан барша жанды Паруардігер,
Өзімдей пенделерге пенде қылма» [6, 117 б.].
Өзімдей адамға – пендеге – Құдайдың құлына тәуелді қылма
деген ақын құлдықтың мәні бір жаратушыға құл болу, Аллаға құл
болудың мәнісін білген өзгеге құл болмайды, ішкі рухани еркіндікке
жетіп, толық ақиқат тәуелсіздікті иеленеді деп білгенін аңғарамыз.
«Әр жерде қадір-құрмет көрген жанмын, Жақсы менен жаманды
білген жанмын, – деген ақын, – жақсы мен жаманды ажырату көкірегі
ашық ердің ісі» деп біледі.
228
Достарыңызбен бөлісу: |