Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет280/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ақындарының философиялық ой-толғамдары адамды жоғары 
дәрежеге көтеріп, қазақ ойшылдарының барлығы толғанған – өз 
халқына қызмет ету идеясын ашып көрсетеді.
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран 
оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі 
тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып 
келіп отырды. Әр қоғамның ұлттық идеясы, ұлттық бірігушілік 
жайлы өз түсінігі бар. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы 
бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе, бұл ұлттық 
қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идея-
ның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлт-
тық идея қазақтармен бiрге дүниеге келдi, әрi тарих сахнасына да 
қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-
сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана тө-
мен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлт-
тық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады.
Мұратсыз ұлттың ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы 
да мүмкiн емес. Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің 
ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық 
мүдделер негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге 
асырудың бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Россияға қосылуға 
мәжбүр болды. Бұған себеп халықтың жоңғар шапқыншылығынан 
зардап шегуі, ішкі феодалдық тартыс, өз билігін жүргізбекші болған 
патшалық саясат еді. Бірақ патшаның отаршылдық саясатына қазақ 
халқы оңайлықпен көнгісі келмеді. Бұл қарсылықтар бірнеше рет 
қарулы көтерілістерге ұласты. Сырым Датұлы бастаған, Исатай 
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістер соның 
айғағы. Ең күшті қозғалыс Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 
болды. Махамбет халықты карулы көтеріліске шақырып, көтерілістің 
оңайлықпен қолға түспейтінін, ауыр азап, зор бейнетті бастан 
кешіруге тура келетінін ескертіп, үлкен төзімділік керек екенін ашық 
айтады. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан: 
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман, – 
деген жолдарда қаншама ерлік, өшпенділік жатқандығын көреміз. 
Махамбет өмір сүрген Уақыт пен Кеңістікті елестетсек, көз 
алдымызға патшалы Ресейдің отарына айналған еліміз, сол жердің 


 
285


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет