Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет37/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Бабыр кейде оқиғалар мен түрлі тартыстарды авторлық 
ұстанымы негізінде өзінің ішкі қайшылықтары арқылы құрып 
отырады. Мысалы: «Үлкенді-кішілі бауырларым азды-көпті жаман-
дық жасағанымен, оларға өшпенділік ойлау маған жат қылық 
көрінетін де, жамандыққа жамандық жасау әркімнің қолынан 
келеді деп көңілімді жұбататынмын» деп [4, 145 б.], ішкі сырын жан 
дүниесінің түп тереңінен орын алған ішкі монолог арқылы жеткізуге 
тырысады. «...мемуарлық (өмірбаяндық) т. б. жанр түрлерінде қара-
пайым түрде қолданылатын ішкі ой-монолог, диалог, түс көру, еске 
алу т. б. секілді көркемдік тәсілдер психологиялық прозада еріксіз 
күрделеніп, кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, рухани 
әлемді қазбалай талдауға талпынады. Өйткені, жанрдың табиғаты 
мен стиль ерекшелігі соны талап етеді» деп пайымдайды Г. Пірәлиева 
[5, 16 б.]. 
Бабыр реті келгенде адамзаттың рухани әлеміндегі ең 
маңызды мүдде дидактикалық тағлымды шығыстық үлгімен шебер 
пайдаланады. Өмірдегі ымырасыздықтың кесапатынан адам баласы-
ның қандай жағдайға душар болатынын нақты мысалдармен 
көрсетіп отырады. Ол жастарға осыдан жиреніңдер деп тәлім айтып 
отырғандай: «Бұзықтық пен зинақорлық Сұлтан Махмұт мырзаға 
бақытсыздық алып келді, оның ұлдарының бәрі жас кезінде дүние 
салды» деп жазады [4, 48 б.]. Тағы бірде шиенеліскен оқиғаны баяндай 
келіп: «Құсайын Бақидың жағдайын естіп, жолын торып, оны оп-
оңай қолға түсірді. Бақиды өлтіріп, оның әйеліне үйленді, бірақ 
ол өз опасыздығының сазайын тартты. Адамға жамандық жасасаң, 
алдыңнан шығадының кері келді» деп, кеселді қылықты сынға алады 
[4, 185 б.]. Шығармасындағы көрініс тапқан зұлымдық атаулы сол 
күйінде авторлық санамен сараланып, оның ішкі әлемінен хабар 
береді. Мына жолдар да кейіпкердің азғын қылығын әшкерелейді: 
«Қожа Абдолла – ұяттан безген, зинақор, бұзылған адам еді. Соның 
салдарынан ауруға ұшырап, үстін жара қаптап, ақыры аяқ-қолынан 
айрылып сал болып, біраз жыл қорлық көріп, ғұмыр кешті де, осы 
ауру оның түбіне жетіп, бұ дүниемен қоштасты» [4, 255 б.]. Көбінде 
ізгілік атаулыны сүйіп айтатын ғұлама, осы келтірілген үш бірдей 
жағдайға үкім айтып отырған секілденеді. «Қайырымдылыққа жол 
сілтеген адам – жасампазбен бірдей бағаланады», – дейді [4, 359 б.] ол 
ар-ождан мәселесін сөз еткен тұста. Бабыр осылайша келер ұрпақтың 
жүрегін оятып, оларды озат мақсат-мұраттарға тартуға ұмтылады. 
Соғысты сипаттау кезінде соғыс тақырыбынан бұрын оның 
көрегендігі көбірек байқалады: «...Қарама-қарсы шекіскен әскер 
біріне-бірі жақындап, айқаса кетті. Екі жақтың әскерінің ортаңғы 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет