Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет45/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ата-бабалары мен дулат руы туралы мәліметтерге, оның қалдырған 
еңбектері мен олардың зерттелу деңгейіңе қысқаша тоқталуды жөн 
көрдік.
Мырза Мұхаммед Хайдар уақытында моғол тайпаларының, 
кейіннен қазақ халқының этникалық құрамына енген тарихта ежелден 
бері белгілі көне түркілік дулат тайпасынан шыққан. Қазақтың 
шежіресінде Дулат руы Үйсін тайпалар бірлестігінен тарайды. Демек 
дулат біздің жыл санауымыздан бұрын тарихи сахнасында өзіндік 
ізін қалдырған, қытай жазба деректерінде «У-Сунь» деген атпен 
белгілі Үйсін мемлекетінің құрамында болған. Бұл идентификацияға 
оның территориялық орналасуын тарихи қайта қалпына келтіру де 
сәйкес келеді. «Ханьнама», «Батыс өңірінің шежіресі» деп аталатын 
қытай жылнамаларындағы соны деректердің мәліметіне сәйкес 
үйсін күнбиінің (патшасының) бір ұлы Далудаға еншілікке іле бойы 
беріледі. Бұл ел Далу (Дулу, Доғлат) аталады. 
С.Е. Маловтың зерттеуі бойынша Күлтегін тас жазуындағы 
Бүмын қаған, оның інісі Естемес қаған да Дулу тайпасынан болған. 
Көптеген түркі тайпаларымен, басымыл (арғын), найман, қоңырат, 
үйсін тайпаларымен одақтасып, дулаттар біздің заманымыздың 
515 жылы жужандарға бағынышты болуын тоқтатып, Юебан (Үрбі) 
одағын құрған. Ал Бумын-қағанның, Естеми-қағанның тұсында 
әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алған Түркі қағанатының 
шекарасын ол заманнан алты жүз жыл кейін өмір сүрген Махмұд 
Қашғари өзінің «Диуани лұғат ат-түрки» еңбегінде былайша 
белгілейді: «Қазіргі бүкіл түркі елінің шекарасы Абискүн (Каспи) 
теңізінен айналып Рүм елінен, Өзкенттен шығысқа дейін созылады. 
Ұзындығы сегіз мың парсақ». 
Мырза Хайдар туралы негізгі мәліметтер оның өзінің «Тарих-и 
Рашиди» шығармасынан белгілі. Оның ата-бабалары Моғолстан 
мен Шығыс Түркістанның саяси тарихында үлкен рөл атқарып, 
Қашқарияны жеке-дара билегендері белгілі. Оның текті тұқымнан 
тарайтын даңқты шежірелік тегі былайша тарқатылады: Бабда-хан 
→ ... → Ұртұбу → ... → Полатшы → Құдайдат → Сейіт Ахмет → Сейіт 
Әлі → Мұхаммед Хайдар мырза → Мұхаммед Құсайын → Мырза 
Мұхаммед Хайдар.
Бұлардың бірқатары Моғолстан мен Қашқардың тарихында 
маңызды рөл ойнаған: Мырза Хайдардың өзінің айтуынша, Ұртұбуға 
моңғол хандарының өзі Қашқарияны (Маңлай-Сүбені) сыйға 
тартқан; Полатшы болса, Моғолстанның тағына Тоғлық-Темірді өзі 
отырғызған (1362 жылы қайтыс болды); Құдайдат моғол ұлысында 
ұлысбегі болып, моғолдардың білдей алты ханын таққа отырғызған; 


48 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет