ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ғатты игеру барысында адамдардың практикалық іс-әрекеттерін
бейнелейтін алуан түрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым
түсініктер пайда бола бастады.
Олардың бәрі қауымдық өмірдің күнделікгі тәжірибесін жинақ-
таудың, танымның, көбінесе, сезімдік сатысына тән нәтижелерін
қорытудың негізінде дүниеге келді.
Қауымдық болмыстың бейнесі – қауымдық сананың негізгі өзекті
мазмұнын құрайтын, жеке адамдардың, яғни қауым мүшелерінің
мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал жасайтын, олардың нақтылы іс-
әрекеті үшін жетекшілік, жолбасшылық, реттеушілік рөл атқаратын
әпсаналық ой кешу үрдістерінің жиынтығы танымдық тәжірибесі
мол, көргені мен көңіліне түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында
болды. Оларды қазақта «жазып қойған хатпен тең» деп бекер
айтпаған. Жазу-сызудың, жоқ кезінде ру көсемдерінің ұрпақтан-
ұрпаққа ұласқан тәжірибені зердесіне сақтаған әрі күнделікті өмір
сүру процесінің қарапайым қағидаларын тұжырымдап отыру сол
заманға тән заңдылық болатын. Ол қағидалар қауымның, рудың
мүддесін жоғары қоятын. Қазақтың «у ішсең – руыңмен» деген
мәтелі осының айғағы болса керек. Жеке адамдардың санасында ру
ақсақалы мен рудың өзі тұтас күйінде қабылданатын. Өмірдің сан
алуан салаларындағы соғысқа, шаруашылыққа, тұрмысқа қатысты
мәселелерді шешу ақсақалдар кеңесінің үлесінде еді. Олардың
шешімдері барлық қауымдастар үшін жазылмаған заң, ал оларды
орындамаған адамға қолданылатын ең ауыр жаза қауымнан аластау
болатын. Қауымнан тыс қалу жеке адам үшін өлім жазасына кесумен
бірдей еді. Себебі ол заманның жағдайында жалпы адам өз алдына
дербес тіршілік ете алмайтын.
Қауымдастықтың өзі саналылықтың нәтижесінде емес, ғұмыр
кешудің жандалбаса стихиялық ұмтылысы, жан сақтаудың табиғи
түйсікке негізделген мүдделеріне сәйкес қалыптасқан. Осы рулық-
тайпалық қауымдастыққа тән ұжымдық сипаттағы ой кешудің
әпсаналық үрдістері жеке адамдардың санасы мен мінез-құлқының,
іс-әрекеттерінің құдіретіне табынатын қасиет сайын даланың төл
перзенттері – қазақтарға тән еді.
Тілдің дамуы алғашында экстенсивтік жолмен, яғни сөздердің
сан жағынан барынша көбейе түсу бағыты арқылы, ал кейіннен тіл
иесінің (субъектің) даму дәрежесіне сәйкес интенсивті жолмен, яғни
тұжырымдау, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін
көп сөздерді бірыңғай ұғымдарға жиынтықтау арқылы дамиды.
Мыңдаған жылдарға созылған жартылай көшпелі малшылық,
оның батыр, ат, киіз үй, алыс елдер, замана, көш-қоныс кеңістігі,
110
Достарыңызбен бөлісу: |