ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
философияның пайымдаумен байланыстылығында болып отыр.
Философия аналитикалық ойлаудың негізіне құрылған. Егер тарих
білім болса, философия – пайымдаумен сипатталатын қиял. Тарих
философиясы айғақтарға, оқиғаларға, тұлғаларға, халықтардың
тағдырына деген жай ғана қатынас емес, сонымен қатар, осы айғақтар
туралы пікір, оларды талдау. Бұл өте қиын әрі жауапты міндет.
Бізде қоғамның тарихын зерттеуге қатысты жұмыс жаман емес,
халықтардың көптомдық тарихы, тарихтың жекелеген кезеңдері
бойынша монографиялар, оқулықтар жарық көріп жатыр. Бірақ
зерттеудің артта қалған кесіндісі тарих философиясы болып отыр...
Бұл кездейсоқ емес... Әрине тарихтың философиялық мәселелерімен
тек философтар ғана емес, тарихшылар да айналысады. Тарихты
тұтастай қарастыру дүниетанымдық ғылымдар өкілдерінің
ғана қолдарынан келеді. Тарихтың философиялық мәселелерін
қарастырудың қиындықтары оның жекелеген тұлғалардың, тұтас-
тай халықтардың, мемлекеттік саясаттың және т. б. мүдделерін
қозғайтынымен байланысты. Тарих философиясы идеологиямен
шектесіп жатады, ал идеологиясыз ешқандай мемлекеттің де өмір
сүре алмайтыны белгілі» [1].
Қазіргі отандық тарих ғылымы мен тарих философиясындағы
өзекті мәселелердің бірі дербес жалпытарихи ғылым ретіндегі
қазақстандық тарихнама саласының жеке бөлініп шығуы екендігі
сөзсіз. Бұрын «орталықтың» ықпалымен көшіріліп жазылатын
жалпыодақтық ғылымның бір бөлігі ғана болып келген бұл тарихнама
ғылымы біздің еліміздің тәуелсіздік алуымен ертеректегі отаршылдық
жағдайында үстемдік етіп келген идеологиялық қондырғылардың
шеңберінде ғана зерттелген және аз немесе мүлдем зерттелмеген
мәселелерді алдыңғы орынға шығарады. Бұл көкейтестілік бірнеше
алғышарттармен сипатталады: егемендікке қол жеткізуге байланысты
елдің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани жағдайының өзгеруіне
байланысты мұқтаждықтар, жаңаша пайымдауды талап ететін жаңа
тарихнамалық айғақтардың пайда болуы; ескі маркстік-лениндік
дүниетанымның дағдарысы және отандық тарих философиясының
әдістемелік негізін және оның жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін
қалыптастыру қажеттілігі; тарихнамалық теория мен практиканың
даму логикасы және т. б.
Ғылыми айналымға ең алғаш XVIII ғасырдағы француз
ағартушысы Вольтердің енгізген «тарих философиясы» термині
тарихты философиялық тұрғыда түсіндіру мен бағалауды, басым
көпшілігінде, тарихты баяндау мен тарихи зерттеулердің нәтиже-
лерін бағалауды білдірді. Осы тарихи зерттеулердің нәтижелерін
118
Достарыңызбен бөлісу: |