Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет111/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
сыршылдығымен орын алды. Егер де біз қазақ философиясын 
дамыту барысында тағы да батыстық үлгілерімен кетсек қателесетін 
сияқтымыз. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық 
ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, 
қазақ философиясын Шығыс философиясының үлкен бір саласы 
ретінде қалыптастыру, сол да гейге көтеру болмақ [12].
Қазақ жырау-ақындарының шығармалары халық ауыз әдебиеті-
мен, көшпенділердің әдет-ғұрпы, салт-санасымен тығыз байланысты 
болып, бар болмысында ойлы философиялық тарихи сабақтастық 
принциптері қатар жүріп отырады.
Жыраулар поэзиясының өріс алған кезеңі ХІV–ХVІІ ғасырлар 
болды. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде жатталып, 
жыраудан жырауға ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз 
зергерлері ХV–ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген Асан Қайғы, Қазтуған, 
Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәттіқара, 
Бұқар, Шал, Қаблиса сияқты ақын-жыраулар.
Заманның ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін 
сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық дидактикалық 
түйін-тұжырымдар жасап, жер суды, ата-мекенді қорғау, ел бірлігін 
сақтау мәселелерін зерттеген, сонау Әл-Фарабиден, Бабыр мен 
Дулати, Қ. Жалайырдан бастау алған ойлау жүйесі ұлтымыздың ең 
басты байлығы деуге болады.
Қорыта айтқанда, ХV–ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген ғұлама 
тарихшылар, ақын-жыраулардың кейінгі ұрпаққа қалдырған еңбек-
тері сан алуан. Біздің тарих философиясында болсын, тарихымызда 
болсын, олардың алатын орны ерекше. Себебі, бұл ойшылдардың 
шығармашы-лығындағы дүниетанымдық ойлар, нақыл-өсиеттерінің 
философиялық мәндері бүгінгі таңда маңызын жойған жоқ. 
Сондықтан да бұл ғұламалардың шығармашылығын ден қойып 
зерттеу – қазіргі кезеңде өте өзекті мәселе болып отыр.
Сонымен, Қ. Жалайыр дүниетанымынан қандай ұлағатты 
қорытындылар жасап, оларды рухани игілігімізге айналдыра 
аламыз? Негізінен көшпелілік өркениетке арқа сүйеген қазақ 
тарихы философиясының бітімдерін топшылауға келешекте үлкен 
әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Біздің ұлтымыздың дүниетанымдық 
құндылықтарында осы кезге дейін еліміздің тарихын, оның қыр-
сырын жете және жан-жақты философиялық тұрғыдан зерттеген 
тәжірибе жоқтың қасы болып, зәрулік танытуда. Деректемелік 
негіздері толық анықталмаған «Шежірелер жинағы» әлі де тарихи, 
әдеби, діни, мәдени жағынан сараланып, адамдардың аттарын, 
географиялық, биографиялық ұғымдарға түсініктеме жазылып, 


114 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет