ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ой туындамаса керек. Әбілғазы бахадүр өз заманындағы жазба
тарихнаманың кейбір кемшін тұстарын да саралап береді: «...Сол
Рашид-ад-дин тарихы мен пақырдың алдында жатыр. Кітаптың
басында айтқанмын, бұдан басқа да Шыңғыс тарихы жазылған он
жеті кітап әзір тұр. Осы кітаптардың керек жерлерінен көшіріп, осы
шежірені жазып отырмын. Рашид-ад-диннен бермен қарай үш жетпіс
екі жыл бойы көшірмешілер бір кітаптан бір кітапқа көшірген сайын
жазылған тарихтың үштен бірін немесе жартысын бұзып бүлдірген.
Шежірелердегі таулардың, өзен-сулардың, адамдардың аттары
моңғол не түрік тілінде. Ал көшірмешілер көбінесе парсылық не тәжік
болғандықтан, не моңғол тілін не түрік тілін білмейді. Тәжікті он күн
үйретсе де, моңғол сөзін айтуға тілі келмес еді. Сонда ол қайтып моңғол
сөзін дұрыс жазады? Құдай тағала маған түрік және парсы тілін, оның
астарлы сөздерінің мағынасына дейін білуді жазды. Бұл заманда түрік
пен тәжіктің ішінде ол тілдерді менің білгенімдей білетін кісі жоқ.
Оның үстіне әр нәрсе себеп болып, бір жылы қалмақтың арасында
болдым. Сонда моңғолдың әдет-ғұрпын, тілін жақсы үйрендім».
Әбілғазы Бахадүр хан өмірдің қайнаған ортасында болды,
жастайынан әкімшілік істерге де, қан майданға да араласып, қуғынды
да, тұтқынды да көрді, жиырма үш жыл хан болып, ел басқарды
және өмірінің ақырында оңаша өмірді қалады. Ол туралы «Фирдаус
ал-икбал» («Бақыттың жұмақ бағы») еңбегінің авторы Му’нис лақап
атымен белгілі Шер-Мұхаммед бен Әмір Аваз-бий-мираб былай
дейді: «...Әбілғазы хан данышпан сұлтан және құдіретті хақан
болды... Өмірінің соңында Ануша-ханды билеуші етіп, өзі тұйық
өмірді қалады. Бір мың жетпіс төртінші жылы (1664 жыл, Б.С.) ол
өткіншілік тұрағынан [мәңгілік әлеміне] аяқ басты... Жиырма жыл
ел басқарды. Ол поэзияны өте жетік білетін және тарихты жақсы
білетін адам болатын, өзінің әулетінің шежіресіне қатысты хроника
жазды және оны «Шаджара-йи турк» деп атады» [9, 560–568 бб.].
Қазақтың тегін түріктен таратқандықтан, Әбілғазы шежіресі
өзге-лерге қарағанда (мысалы, Темір әулетінің, Мұаммед Шейбани
әулетінің сарай тарихшыларының еңбектеріне қарағанда), Орта-
лық Азия мен Таяу Шығыстағы саяси-этникалық оқиғалар, көне
түркілердің, қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне
тарихы, мәдениеті мен тұрмысы, жер-су атауларын молынан кездес-
тіруге болады. Тағы бір айта кететіні, Әбілғазы өз еңбегін таза көне
түркі тілінде жазған: «Бұл тарихты жақсылы-жаманды баршасы
білсін деп түрки тілімен жаздым. Түрки тілімен, соншалық бес жасар
бала түсінетіндей етіп жазыппын, түсінікті болсын деп шағатай
түркісінен, парсы, араб тілдерінен бір сөз қоспаймын» [8, 31 б.].
128
Достарыңызбен бөлісу: |