Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Әбілғазының өмір сүрген XVII ғасырында Орта Азия хандықта-
ры сияқты Қазақ хандығының да ішкі саяси жағдайы тұрақты
болған жоқ. Тәуекел ханның мирасқоры Есім хан Түркістанды Қазақ
хандығының астанасы етті. Бірақ Тәшкенттегі Жәлім сұлтанның ұлы
Тұрсын Мұхаммед өзін тәуелсіз хан деп жариялады. Қ. Халидтің
еңбегінде «сұлтандардың ауысып, сайтандардың орналасып тұратын
жері» деп сипатталатын «Тәшкент қырық сан – Барақ ханның елі»
ұзақ уақыт бойы қазақ және өзбек хандарының арасындағы дау-
дамайдың көзіне айналды. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды
өлтіргенімен, бір жылдан соң өзі қайтыс болып, Тәшкентті Бұқар
ханы Имамқұлы басып алды. XVII ғасырдың бірінші жартысында
қазақ-ойрат қатынастары шиеленісе түсті. 1644 жылы қазақ ханы
Жәңгір Жалаңтөс батыр басқарған самарқандтық әскермен қосылып,
жоңғар әскерін жеңгенімен, ойраттардың үлкен тобы Ом, Тобыл,
Ертіс, Есіл, Жайық өзендерінің бойында көшіп-қонып жүретін. Бір
ғасырдан аса уақытты теке-тіреспен өткізіп, қазақтармен бір-біріне
«ата жау» атанған қалмақтармен Әбілғазы Бахадүрдің де екі мәрте
шайқасқаны «Шежіреде» айтылады.
Осындай аласапыран заманда өмір сүрген Хиуа ханы Әбілғазы
да Есім хан, Имамқұлы хан сияқты өз дәуірінің ірі мемлекет
қайраткері болды. Дегенмен, біз үшін оның мәдениет қайраткері
ретінде түркі тілдес халықтардың өткен тарихына қатысты аса
құнды, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра етіп қалдырған «Шаджара-
йи турк» және «Шаджара-йи тарикма» еңбектері қымбат қазына.
Кейінгі ортағасырлық қазақ тарихына байланысты Әбілғазының
шығармасына барлық зерттеушілер өз еңбектерінде сүйенгенімен,
оның еңбегінің қазақ тіліндегі аудармасын факсимилесімен,
транскрипциясымен, текстологиялық ескертпелерімен, ғылыми-
тарихи зерттеулерімен қоса жарияласа, бұл еңбектің қазақ тарихына
сөз жоқ, берері көп болар еді.
Әбілғазы Бахадүр ханның қазақ тарихы мен мәдениетіндегі
алатын орнын толық айқындау үшін жоғарыда сипатталған оның
еңбегін әртүрлі ғылым салаларының беделді өкілдерін тарта отырып,
кешенді түрде зерттеп талдау қажет. Қолжазбаның мәтінін толық
қалпына келтіру үшін, ең алдымен тіл мамандары керек. Қолжазба
толығымен дұрыс, дәйекті аударылғанда ғана ол туралы байыпты
пікір айтуға болады.
Екіншіден, қолжазбаны сараптауға білікті шығыстанушы-
тарихшы, деректанушы мамандар қатысуы керек. Үшіншіден, бұл
еңбекте шежіреге, азаматтық тарихқа, діни аңыздарға, тарихи тұл-
ғаларға, жалпы дүниетанымға қатысты автордың өз көзқарастары
129
Достарыңызбен бөлісу: |