Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет171/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
актісінде байқалған, демек бір ғана жалпыға ортақ қарым-қатынас 
бүтін мен бөлшектің бір қарым-қатынасы арқылы қосылған жағдайда 
біріге алады. Керісінше жағдайда ақиқаттан алшақ ыдыраңқы, кірме 
құрамалар болып шығуы мүмкін. Бұл мәні жағынан әл-Фарабидің, 
жалпылама мазмұнда айтсақ, айтылғанның ақиқаттығына сену 
сонымен бірге ойшылдың беделіне сенуге негізделуі мүмкін дегенді 
білдіретін пікіріне жақынырақ.
Құнды қасиеттерге даналықты, шешендікті «сөз сарасын» жатқыза-
тын қазақ жыраулары адам күші мен талантының пайдаланылатын 
негізгі саласы әлеуметтік өмір «істің логикасы» деп есептеді. Жырау-
лардың халық игілігі үшін атқарған ізгі қызметі нәтижесінде қол 
жеткізген қоғамдық дәрежесі олар үшін халықты ізгілікті өмір салтына 
басты талап ретінде шақыруын паш етуге қажетті бастау тірек қызметін 
орындайды. Жырау жетілушілікке, қазақтардың бірлігіне, адамның 
табиғатпен, әлеммен бірлігіне талпынудың этикалық принципіне негіз-
делген ісі, ойлары және іс-әрекеттерінің бірлігі олардың аса биік әлеу-
меттік мен шығармашылық жетістіктерінің, қазақ халқына сіңірген ең-
бек-терінің өзіндік себептерінің ең бастыларының бірі болып табылады.
Қазақ ойшылдарының, жырауларының шығармашылығымен 
қатар Далалық өлкеде басқа жанрлар да – аңыз-жырлар, ақындар 
айтыстары, жеңіл әуенді әндер және әдет-ғұрыптарды әнмен 
орындау да кеңінен таралды. Олардың барлығының да түпкі тегі 
көне дәуірлерде жатыр және олардың кез келгені Далалық өлкеде 
өзінің айырықша қызметін атқарды. Еуропа ғалымдарына жиын-
тойлар кезінде көпшіліктің, бай туысқандарының көңілін көтеруді өз 
міндеттеріне алған ақындар, жыршылар, өлеңшілер, салдар, серілер 
және поэзияның басқа да жанрларының дүлдүлдері жақсы белгілі. 
П.И. Пашино: «Қырғыз (қазақ), немен айналысса да, үнемі ән салады 
және міндетті түрде суырып салушылықпен айналысады», - деп 
жазады. Өз ісінің шебері болып табылатын әрбір ақын өз жанрының 
заңдылықтарына сәйкес Далалық өлкеде әлемге, табиғатқа, қоғамға 
және өз замандастарына эзотериялық қарым-қатынастың ұлттық 
дәстүрлерін одан әрі дамытты және таратты.
Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған мемлекет ретінде 
құрылмағаны, бірнеше ұлыстардан – ірі әкімшілік бірлестіктерден 
тұрғаны белгілі. Ибн Рузбихан Исфаханидің мағлұматына қарағанда, 
ХVІ ғ. басында олардың саны он шақты болған. 
Мемлекеттің басында азаматтық, әкімшілік және әскери билікті 
бірге жүргізген хан отырды. Мемлекет басқару ісі дәстүрлі құқыққа-
датқа және мұсылмандық құқықтың өлшемдеріне негізделді. Дәстүрлі 
құқықты ХVІІ ғ. соңында Тәуке хан «Жеті жарғы» заңдар жинағы 


174 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет