Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет174/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
және білімдерінің философиялық негіздерін талдай отырып, зерттеу 
және шешу. Бұл бағытта әлем мен адамның бірлігі мәселелеріне 
қатысты проблемаларды түсінуге кедергі келтіретін ақтаңдақтар бар.
Философия ғылымы, барлық жағынан алып қарағанда, өзінің 
іргелі мүдделерімен қоса қазіргі кезеңде ол үшін үйреншікті әлемдік 
ағартушының рөлін атқаруға тиіс. Бұл үшін одан осы күнгі дейін 
өздерінің болмыстары жағынан мүлдем өзгеше Батыс және Шығыс 
дүниетанымдарының тереңде жатқан негіздерін тағы және тағы 
да, бұрынғыдан да егжей-тегжейлі және дұрыс талқылау талап 
етіледі. Қазіргі заман философтарының алдында Әлемге, адам 
интеракцияларына, қарым-қатынастарға бүтіндік және толықтық 
сипат бере түсу, эзотериялық кеңістіктің түпкі қабаттарын тану 
міндеті тұр.
Қазақ мемлекетiнiң негiзi елдiң рулық ара қатынасынан құралса, 
оның қайнар бұлағы туысқандық, мейiрiмдiлiк сезiмнiң артуы арқылы 
құралатынын жыраулар жақсы түсiндi. Ол кездегi алға қойған саяси-
әлеуметтiк талап қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк ұғымның 
шеңберiнен асырып, түбi бiр тұтас мемлекеттiк дәрежеге көтеру едi. 
Жыраулардың арманы қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына 
қосу болды. Халықтың басын бiрiктiремiз деп талай қиындықты 
бастан кешiрдi, алдаспан жырлары ханды да, қараны да аямады. 
Олардың әрбiр жырын жеке бiр тарих деуге болады, себебi сол кездегi 
халықтың әр қадамын бейнелеп, құнды мәлiметтер берiп отырады. 
Әдебиеттер
1 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы, Ана тілі, 1993. – 101 б.
2 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі 
қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. (Құрастырған. М. 
Мағауин, М. Байділдаев). – Алматы: Жазушы, 1984. – Т.І. – 256 б.
3 Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері. – Алматы: Ақыл 
кітабы, 1999. – 237 б.
Әбішев Қ.Ә. Философия. – Алматы, 1999. – 264 б. 
Кант И. Собрание сочинении. – М.: Чоро, 1984. – Т.3. – 741 с. 
6 Байпаков К.М., Кумеков Б.Е., Пищулина К.А. История Казахстана в 
среднике века. – Алматы: Рауан, 1999. – С. 129.


 
177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет