Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет189/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
ата-анасы, туған-туыс, ауыл-аймақ, ел-жұртымен байланыстырып 
тұрар Тұлға деп қарады. Әр ер азаматтың өзіне лайық жар таңдауды 
және оны армандап жүрген «бақытына» балауы, көшпелілердегі 
«Ана-Жер-Ана» қатынасы Әлемдік Ұлы махаббат желісіне құрылған. 
Төле бидің даналық философиялық түсінік-танымын зерделеу 
барысында әр істің шешімін өзінің өмірлік іс-тәжірибесі арқылы 
бекітіп отырғандығын байқаймыз. Дала ділмәрінің халқымыздың 
рухани жетілу мәселесінде тәлімдік және тәрбиелік рөл атқарғандығы 
жайында көптеген аңыздар сақталған. 
Тәубешілдік, қанағат, құт, құтаю деген сияқты ізгілікті 
тұғырларды орнатады. Адам өзінің еркіндігін дұрыс пайдалана 
алмаса, онда жаман жолға оңай түсіп кетуге болатынын көруге 
болады. Төле би түсінігіндегі толық Адам әлеуметтік ортамен ғана 
өлшенеді. Жеке адамның өмірі осы көпшілікпен мәнді. Ол белгілі бір 
әлеуметтік топтың мүшесі.
Адамның болашақта қандай болуды, кім болуды таңдау 
еркіндігі өзінде. Бұл жерде адам еркіндігі мен таңдау еркі анық 
көрінеді. Төле би сияқты данаға жолыққан жігіттер енді өздерінің 
теріс жолға түскендеріне көздері жетіп, түзу жолға бет бұрады. 
Бір ғана материалдық құндылықтарды күйттегенмен, адам жаны 
басқа да қажеттіліктерді қалайды екен. Оңай жолды күйттеп, жапан 
далада жол торумен, тонаушылықпен айналысып, әйтеуір қарын 
тоқшылығын ғана ойлап өмір сүріп жүрген жастардың болашаққа 
деген үміт-сенімдері оянды. Ең бастысы олардың пиғылдары өзгерді. 
«Ұрлық», «зорлық», «өтірікшілік» сияқты теріс істерге бастайтын жа-
ман қылықтар мен «мейрімділік», «кешірімшілік», «шыншылдық» се-
кілді ізгіліктіліктің тірегі болған философиялық ұғым-түсініктердің 
диалектикасы ашылып көрсетіледі. Олар енді өздеріне өмірмәнділік 
құндылықтарды мақсат етті.
Билердің осындай ел ішіндегі бұзақылықты жөнге салу үрдісі 
«ақсақалдар алқасы», «әжелер кеңесі» сияқты салауатты ұйымдар 
арқылы әр ауылда жалғасын тауып жаңғыртса қазіргі қазақстандық 
қоғамды жетілдіруде маңызы артар еді. Өйткені мұндай ұйымдар 
«қазан бұзар, үй тентектерді» заң орындары арқылы жазаға тарпай-
ақ жөнге салып отыруға септігін тигізері хақ. Нәтижесінде темір 
тордың ар жағындағы жігіттер саны азайып, бүгінгі таңдағы еліміздің 
демографиялық ахуалын жетілдіруге, экономикалық күш-қуатын 
арттыруға игі әсер етері сөзсіз. 
Қазіргі кезеңде қоғамдық ұйымдардың бірнешеуінің атақаратын 
міндеттерін Төле би сияқты ойшыл-билеріміз осылайша бір ғана 
істің барысында атқара білген. Бұндай әдіс-тәсілдерді тәлімгерлік 


192 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет