Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет20/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Қанша жақын болса да, 
Қайратты туған ер ғарып» [3, 8 б.] 
– деп толғайды. Ғаріптің көзі – қилы-қилы заманның жоқшылы-
ғында, кемшілігінде, тапшылығында, ниеті терістердің алдаушы-
лығында екенін еске салады. Әрбір күннің дәулеті молайса, онда 
көптің қуаты бапталмақ. Дәулеттінің құрметі артса, ол бақытты. Ал 
«бақыты оянған ерлердің, әрбір ісі оң болар». 
Оның негiзгi арманы – адамның өмiрiн жақсарту, табиғаттың 
бiр мүшесi ретінде оның басқалардан айырмашылығы – өмiрдi 
ақыл-парасат қасиеттері арқылы ұйымдастыру қажет екенiн ескеру. 
Көненің көзі – халық мәдениетiнiң iнжу-маржандарының қатарын-
да, мәңгi ұмытылмайтын мұралық жолда. Мұралық жеке адам мен 
жалпы әлеуметтiк дүниенiң рухани жаңғыруымен, тазаруымен тiке-
лей байланысты. Оның шығармашылығы адамгершiлiк пен гума-
нистiктiң алтын қорымен әрленген. Әз-Жәнiбектiң Асан Қайғыны өте 
құрметтеп, көкке көтеруi, оны өзiнiң рухани атасы ретiнде санауы 
кездейсоқ жағдай емес. 
Жыраудың қайталанбас шығармашылық келбетiн сомдағанда 
екi түрлi бастау бар екенiн және оларды бiр-бiрiне қайшы келетiн 
құбылыстар ретiнде түсiнушiлiктің кездесетiнін ескермеуге болмас. 
Ол жеке дарындылық пен әлеуметтiк жағдайдың арасынан жiк 
iздеу, дәстүрлі құбылыстың ықпалын бірізділікпен, бiреумен байла-
ныстырып қана тұжырым жасау. Мұндай сыңаржақ түсінік дүние-
танымның екi жолмен, бiрін-бiрi толықтыра отырып қалыптасатын 
қасиеттен екенiн түсiнбеушiлiктен туындайды. Адам бiр жағынан 
объективтi дүниенiң жалпы бейнесiн жасауға ұмтылса, екiншi жағы-
нан, әрбiр Тұлға өзiнiң iшкi дүниесiнiң жетiлуi, дамуы арқылы 
қалыптасады, сонымен шектеледі.
Асан Қайғы және басқа да жыраудың шығармашылық келбетте-
ріне талдау жасай отырып, бір ескере кететін мәселеміз – олар фило-
софиялық ойларын поэтикалық рухта ғана бейнелеуге тырысқан. 
Сондықтан бұл ойшылдардың дәстүрлі (Батыс мақамындағы) 
философтардан өзгешелігі бар, олардың философиялық-этикалық 
көзқарастары өнердің бір шырағындай. 
Өмір даналығынан сусындаған бұл ғұламаларды философия-
лық мәселелерді жүйелей алмады деуге бола ма екен? Шын тереңдеп 
түсінген адамға әрбір сөздің астарында тұнып жатқан ойлар бар, 
адамды жаңа белестерге жетелейтін логикалық қисындар жатыр. 
Әрбір ұғымға логико-философиялық анықтамалар берілмегенімен, 
оларды көркемдеп образ түрінде жеткізе білуге, әрбір құбылыстың 


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет