Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет28/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
көтерiледi? Кез келген қоғамның күн тәртiбiнде тұрған осы сұраққа 
ол былай жауап береді:
Әдiлдiктiң белгiсi,
Бiле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгiсi,
Өткен iстi қумаса.
Жамандардың белгiсi,
Жауға қарсы тұрмаса.
Залымдардың белгiсi, 
Бейбiттiң малын ұрласа.
Надандардың белгiсi,
Бiлгеннiң тiлiн алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қәбiрге әзiр қоймаса,
Артында қалар атақ жоқ,
Тiрiде даңқың болмасаң [10, 58–59 бб.].
Асан Қайғы шығармаларында әлеуметтiк қайшылықтар мен 
күрделi саяси мәселелер жөнiнде көзқарастар онша көп кездеспейдi. 
Тiптен саналы түрде саясат мәселесiне тоқталмауға тырысатындай түр 
көрсетедi. Әйтседе, саясат бар жерде әдiлдiктiң де аздау болатынын 
ескертеді. Халықтан алшақтап кеткенде хандардың мүлт кетері жиi 
байқалынды. Хандардың зиялылығын ұқпаған жұрт қарайып кетті. 
Оны мына жыр жолдарынан байқаймыз.
Халқың түгел ашықса, 
Ақыл кетер басыңнан.
Халқың түгел күйзелсе, 
Бақытың кетер басыңнан.
Бұл жерде Асан Қайғы ханға әлеуметтiк немесе саяси баға 
беруге талпынбайды. Екі жақты негiзiнде адамгершiлiк ұстанымына 
шақырумен болады. Дегенменде, Асан Қайғы әлеуметтiк өмiрдiң 
ащы шындығын өзiнiң өткiр тiлiмен айшықтап, қоғамдық өмiрдегi 
шешiмiн табуға тиiстi мәселелердi назарынан тыс қалдырмаған. Сол 
үшiн де оны халық ұнатқан және көпшiлiк алдында ол үлкен беделге 
ие болды.
Асан Қайғының өмiр бойы iздегенi – адамдардың өмiрiне ең 
қолайлы мекен екенi белгiлi. Адамдар ата қоныста ғана тең құқықты 
және бәрi де бақытты болады деген үмітті Асан Қайғы өмір бойы 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет