Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет239/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Көшпенділер мекен мен мезгілді мағыналандырушы, өздеріне 
аманат иесі белгілі бір уақытқа ұсынған жердің, мекеннің иесі. 
Сондықтан олар циклді түрде өздерінің иелігіндегі жерлерінде 
көшіп-қонуына байланысты оны мағыналандырып тұр. 
Зар заман ақынының жыры да осы көшпендінің кеңістікті 
уақытты мейлінше мағыналандырушы елгезек динамикалы 
табиғатына сай мүмкіндігінше еркін тәуелсіз. Оның зары осы еркін 
егемендігімен де мәнге етене жақын көшпенділер өркениетінің 
күйрер шағын сезінуі еді. Мезгіл атауымен үйлес қыс мекені – қыстау, 
жаз мекені – жайлау, күзгісі – күзеу болып аталуының өзі-ақ олардың 
мекен мен мезгілдік мағыналарды өзара тығыз үйлестіріп, ғажап 
үндестіріп қабылдауының, тұрмыс-тіршілігі қозғалысқа тікелей 
байланысты екенінің куәсі. Сол ортаны мағыналандырушы көш иесі 
сайын даланың еркесі, төл перзенті. 
Көшпендінің әрбір жерге ат қойып, айдар тағуының өзі белгілі 
бір уақыттағы тарихи оқиғамен байланыстырылған. Сол сияқты жыл 
мезгіліне сай қай жердің қонысқа жайлы болуымен байланысты 
көшіп қонады. Тіптен бірнеше ондаған жылдық циклдік көші-қон 
жолдары болған. Кеңістікті мағыналандырушы адам әрбір мекенге 
байланысты әлдебір уақыттағы уақиғаны еске түсіру арқылы 
тарихты жандандырды. Сөйтіп жер атауын тарихи оқиғамен, сол 
оқиғадағы басты кейіпкер атымен атау арқылы мекен мезгілге 
қазық болады, уақыттың өткіншілігін жойып, уақиғаға жан бітіріп, 
өткенді еске түсіріп, адамның тарихи жадына қозғау салады. Ол 
осы мекеннің төл перзенті, ажырамас бөлшегі екенін сезінеді. Яғни 
мекенді мезгіл мағыналандырады. Сонымен қатар, мекен айтулы 
оқиғаға байланысты мән-мағынасы артып киелілік қасиетті иеленеді. 
Сондай-ақ жыл мезгілдерінің ауысуына қарай әр мекеннің тіршілік 
үшін маңызының артуымен байланысты әр мекенде мезгілге сай 
игеру оның мағыналарымен қатар мәнін арттырады. Көшпенді 
үшін әрбір табиғат қоршаған орта, жаратылыс-жанды мән-маңызға 
толы, сондықтан да киелі. Тікелей қозғалыс тіршілік иесі болмаса 
да тау да, тас та мәнге ие. Бірақ олардың әрқайсысы өзінше мінажат 
зікірін жасайды. Қоршаған ортаға жан бітіре қараған көшпенді өз 
мекенінен тарихты оқыса, мезгіл ықпалымен мекенді, қонысты 
белгіледі. Екеуінің де мән-мағынасын қозғалыс көшімен анықтады. 
Барлығының мәні бар киелі деп, жан бітіре қарауы жаратылыстың 
барлығының иесі қозғалыстың да бастауы, жоқтан бар қылушы 
иесінің бар екендігін сезіну. Ол мән, жан иесі, бәріне жан берген, 
мән-мағынаға толтырған. Қозғалыс белгілі бір уақыт аралығында 
белгілі бір ара қашықтықты игеріп жүзеге асады. Қозғалыс кеңістікке 
де, уақытқа да тікелей байланысты. Адам уақытты да, қозғалысты 


 
243


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет