Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«Ескі ақын бізден әлі артық,
Ол кезде туған бала артық.
Жасымыздан шал артық»
дегенді бұлжымас шындық ретінде айта отырып, шын мәніндегі
артықшылығының өзі ескі ақын сөздерінің тысында емес, ішінде,
сырлы тереңдігінде деп біледі. Іші мен тысы дегенде сөз мағынасы
– тысында болса, мәні – ішінде, сондай-ақ ұйқасы мен өрнегі өлең
сөзінің сыртқы сипаты деп біліп, негізінен жырдың адамның сезім
пернелерін қозғайтын ішкі екпіні мен серпініне ден қояды.
Ақын аңғарған жыраулардың өлеңіндегі басты ерекшелік –
олар Хан алдында да, қара алдында да өмір мәні жайлы шындықты
толғап айта алады. Кейінгі жыршы буыны мен ұйқасын келістірсе
де, Үмбетейдей терең сыр, әсерлі түр бере алмайды дейді. Олардың
артықшылығының өзін суырып салып айтарымен, жыраудың үнемі
ақиқат дариясына шомғандай халде жүруімен байланыстырады.
Олар өздері ерекше рухани халде жүруімен және іштері мәнге толған
адам болғандықтан да олардың сөздері де мәнді. Сондықтан олардың
сөзіндегі сыртқы қалыптан, өлең өлшемінен кемшілік іздемей-ақ,
ішкі мәнді түйсінуге шақырады. Тіптен сыртқы қалпындағы кемшілік
боп көрінер ұйқастағы, буындағы келісімсіздіктің өзі табиғи, оның
астарлы сыры, оқыс та оқшау, тың мағынасы бар.
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай,
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландар! – дейді.
Ескі жырдың сырт көзге ұйқасы келіспеген буыны бұзық болып
көрінуінің өзіндік мәнді негізі бар деп біледі.
Ойлай келсек ескі жыр,
Салады тұлпар жүрісін.
Міне, байқа мұнысын,
Кейде жорға, кейде жел,
Бұлдыр қағып асар бел.
Кейде арындап, кейде шап,
Арман алыс құлаштап,
Алады кейде тынысты.
Солқылдатып жүрісті
Осындай жырды ұнаңдар!
241
Достарыңызбен бөлісу: |