Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып
алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық
пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақын-
дарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жырау-
лар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат
Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары
шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақ-
тап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы
төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден
бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің
өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармалары қазіргі күннің өзекті
мәселесіне айналған ұлттық идеяның негізін қалауға ат салысаты-
нына күмәніміз жоқ. Ақын-жыраулардың салып кеткен жолын, солар-
дың зарын Шортанбай, Әбубәкір, Дулат, Мұрат ақындар жалғас-
тырды. Олардың шығармаларынан сол өздеріне шексіз қымбат
дүниенің жоғала бастауын басқалардан бұрын сезген халықтың
көреген ұлдарының жан тебіренісін көреміз. Шығармаларындағы
трагедиялық сарынды осындай жан күйінің туындысы деуге болады.
Өлеңдерінің ел билеушілерге бағышталғандығы, өмірлік бағытты-
лығы, өмір кешудің түріктік ерекше жолын дәріптеушілігі, соны
нығайтуға шақырудағы өзіндік бір серпін мен өктемдік, басқа
қандай да бір жолды мойындамау олардың негізгі рухани өзектері.
Халқымызға тән құндылықтарға сырттан келетін қауіп басым.
Дулат ақын Қазақстанның Ресейге қосылуын сөз ете отырып,
қазақ елі бұл жағдайға қалай душар болды деген сұрақтарға жауап
іздейді. «Қазақ туралы» деген өлеңінде:
Кешегі сенің бір ауызды күніңде,
Үш жүздің басын құраған,
Алдынан соның тараған
Абылпейіз, Абылай.
Екі сұңқар сұлтанға...
Еркінше өскен қайран ел...
Енді келіп қамалдың
Кәуір салған қу тамға, – дейді.
Дулат ақын қоғамның көптеген кемістіктерін адамның өз басын-
дағы адамгершілік сипаттарымен байланыстырады. Сондықтан да
ол адамның бойындағы пайдакүнемдік, сараңдық, қызғаншақтық,
жастардың үлкенді сыйламау, еріншектік, қорқақтық, жауыздық,
287
Достарыңызбен бөлісу: |