Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет283/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   297
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
зұлымдық, өсекке, өтірікке бейімділік, жігерсіздік т. б. кемшіліктерін 
сынайды:
Келемеж қылып атасын, 
Алмай ақыл батасын
Мойнына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаңдасып ұл кетті [3, 106 б.] 
Мұндай жаман қасиеттерді сынау Дулат ақынның көптеген 
өлеңдерінде кездеседі және бұл кемшіліктердің қоғамға көп зиян 
келтіретінін көрсетеді. Ақын адамның бойындағы ерлік, батылдық, 
шыншылдық, пайымдылық, жомарттық сияқты адамгершілік 
қасиеттерін де жырлаған. Бірақ сол кездегі қазақ қоғамында 
жақсылық, шындық, ізгіліктің орнына, жамандық, зұлымдық 
ұстанымдары үстемдік ететінін түсінді: 
Сөзден кетіп бәтуа,
Базынаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр, қасиет, сый кетті.
Дулат ақын өлеңдері хандық жойылып, қазақ даласын аға 
сұлтандар билеген кезеңдерді бейнелейді. Аға сұлтан болу үшін 
енді ақсүйек болу міндетті емес, қара халықтан шыққандар да бола 
береді деген тәртіп халықтың жағдайын жеңілдеткен жоқ. Бұл кезде 
халықтың жағдайы ауырламаса жеңілдеген жоқ. Бұл шындықты 
Дулат ақын шешен тілмен айтып бере алды. Ол аға сұлтан, ірі 
феодалдардың, дін өкілдерінің сұрқия қылықтарының бетін ашады. 
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас. 
Дулаттың көтерген мәселесі елдің, ұлттың бірлігі. Ел бірлігі 
азайып, аға сұлтан, бай-феодалдар халықтың бірлігін ойламай, өз 
құлқындарын ойлайтынын айтады. Ел боламын десең өсек, өтіріктен 
қаш, бірлігіңді бұзба дейді. Өзінің дінге деген көзқарасын «Ата-


288 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет