Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамның және қоғамның рухани кеңістігіндегі сапалы өзгеріс-
тер алдымен азаматтардың дүниетанымында, рационалдық зердесін-
де жүзеге асуы тиіс. Осыған орай барлық ұлттардың ұлы ойшылдары
тарих толқынындағы қоғамдық болмыс үшін дүниетанымдық
дәстүрлердің, тәрбиенің, ақыл-парасаттың маңыздылығын үнемі
алға тартып отырған. Рухани тәрбиенің шынайы өзегі қазақ ойшыл-
дарының дүниетанымдық дәстүрлері бойынша жеке адамның Руха-
ни әлемге назарының шынайы және толығымен аударыла бастаған
шағынан басталады.
Жалпы қазақ философиясының ерекшелігін анықтау, оған тән
әртүрлі сипаттамаларды беру – халықтың дүниетанымын тереңірек
танып білуге, мәдениетіміздің інжу-маржандарын рухани игілікке
айналдыруға жетелейді. Сонымен, қазақ философиясының ерек-
шелігі – оның халықтың ауыз әдебиетімен, даналығымен, поэзия
және музыка өнерімен тығыз байланыста болғанында. Адамзат
тарихындағы философиялық ойлау жүйелері белгілі бір деңгейде
ұлттық немесе этностық құрылымдардың қалыптасуы және дамуы-
мен астасып жатады. Қоғам өзін ұзақ уақыт бойы тұтқынында ұстаған
стереотиптер мен догмаларды бұзуға, халықтың рухани мұрасын,
оның өткені мен бүгінін ұлттық санада қайта пайымдаудан өткізуге
мүдделі. Қазіргі заман қазақ халқының өзіндік философиясын тереңі-
рек зерттеп, осы күрделі тақырыпқа қатысты заманға лайықты ғылы-
ми ұстанымдарды іздестірудің көкейтестілігін алға тартады.
Қазіргі тарихи кезеңдегі Қазақстанның тәуелсіздік алуы қазақ-
тың философиясының қалыптасуы мен дамуына жаңаша қарауға
мүмкіндік береді, бұл үдерістің барысында тәуелді дамудың ұзақ
жылдары бойында әлеуметтік психологияда, жекелеген түсініктерде
орнығып қалған әртүрлі кедергілерді жеңуге тура келеді. Қазақ хал-
қының рухани қайта өркендеуі өзінің шынайы тарихын пайымдау
арқылы, төлтума мәдениет пен ұлттық философияны қайта түлету
арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстандық қоғамның этноәлеуметтік кеңіс-
тігінде барлық әлемді кеңінен жайлап келе жатқан тұтынушы
және нигилистік негіздегі бұқаралық мәдениеттің құндылықтары
294
Достарыңызбен бөлісу: |