Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет286/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз 
опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мінін түзетпек 
болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. 
Оны ақын жақсы түсінді. Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі 
сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, 
елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа 
тіреген зар заман деп өзінше қорытты.
Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы 
қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне 
сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу 
салтынан айырды. Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік 
сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті 
өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын 
киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-
шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты. Ол халықтың мұңы боп 
қалыптысты.
Шортанбай – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс 
қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа 
қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел 
билеушілер жайлы толғанды. 
Зар заманның көрнекті өкілдерінің бірі Мұрат ақын. Ол патша 
саясатына, қазақтың жерінің алынуына риза болмай, жырларында 
қоныс пен өрістің жоқшысы болды. Жер тарылып, заң бұзылып
елдің тыныштығы бұзылып бара жатқанын айтып, қазақтың қай-
ғылы күйі ескіден келе жатқанын, ата қоныстың алына бастағаны 
бүгіннен емес, ертеден басталғанын жырлап, тарихқа шолу жасайды. 
Заманның неден бұзылғанын Шортанбайша табиғат, дін бұзыл-
ғанын емес, заманның азуын адамнан көреді:
Ай орнынан туады, 
Күн орнынан шығады,
Бұның бәрі адамнан, – дейді. 
Табиғат баяғы қалпында, ал адам азайын десе қиын емес. 
Азғандықтың белгісі – немқұрайдылық, пара алу, қайырсыздық, 
дінсіздік. Екінші себеп күшті дұшпан иыққа шығып, қадалып тұр, 
мойын бұрғызбайды. Мықты дұшпаннан шошыған ақын жаратқан 
иеден тілек тілейді, «сақтай көр» деп жалбарынады. Мұрат ақын 
патша үкіметінің қазақ елін орыс қылмақ саясатын сезген. Оның 
ел қайғысын көрсететін өлеңі «Сарыарқа». Мұнда елдің бұрынғы 
дәуренін, заман қайғысын Елдің іргесі ыдырап, тозғаны бүгін ғана 


 
291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет