Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет293/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
арасында көпір орнатамыз. Бұл тәуелсіздіктің барлық қырларын 
бекітіп жатқан еліміз үшін маңызды және қазіргі заманда қазақ 
руханияты үшін идеялар мен түсініктер бәсекелестігіне түсетіндей 
мүмкіндіктер ашады.
10. Қазақ философиялық ойының келесі бір ерекшелігі – оның 
шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты
мүддесі және болашағы үшін күресуге және оған жету жолдарын 
өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуінде. Халықтың ақындық 
шығармашылығында қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта 
туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Олар негізінен кездей-
соқтық, жүйесіздік қасиетке толы бір қалыпқа сия бермеуі мүмкін, 
бірақ адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсе-
тетін философиялық мәні бар. 
11. Қазақ философиясының нақтылы халықтық көрінісіне 
мақал-мәтелдер жатады. Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, 
данышпандықтың сүзгісінен өткен, мәңгілік өмір сүруге құқылы, 
біздің заманымызға дейін жеткен қазақтың мақал-мәтелдері
ертегілері бүгін де өз маңызын жоғалтпай, өзінің жарқын бейнесімен 
халықтың адамгершілік-психологиялық дамуының тарихи жолын 
нұрға бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар 
мен өлеңдерге, айтыс пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар халық-
тың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмірлік тәжірибесін 
білдіретін ең кеңінен таралған формасы ғана емес, моральдық 
нормалардың өзіндік кодексі де болып табылады. 
Қазақ философиясында даналық үлгілерін, ауызекі мәдени 
ақпаратты берудің тиімді тәсілі ретінде поэзиялық үрдісті тиімді 
деп тапқан. Қазақ философиясы ерекше рухани-рационалдық жүйе 
болып табылады. 


298 
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет