Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қай халықтың мұрасы саналады, «Бабырнаманың» қазақ халқының
тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани өмірінің басқада салаларына
қатысы қандай дәрежеде болды деген мәселенің де басын ашып
алуымыз керек. Қазақ зиялылары «Бабырнаманы» қазақ халқының
өз тарихы туралы жазылған шығарма деп таныған, себебі
Бабырнамада қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани
мұраларына қатысты құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі
кенттер, өзендер, көлдер, таулар, сондай-ақ өсімдіктер мен жан-
жануарлар т. б. қарастырылады. Мысалы, «Бабырнамада» қазақтың
Түркістан, Сайрам, Отырар секілді шаһарлары туралы, Сырдария
(Сейхун), Арыс, т. б. өзендері мен көлдері жөнінде қызықты деректер
жазылған. Бабыр өзінің әкесі Омар Шейхтың Арыс өзені бойындағы
бір шайқасы жайында айта келіп: «Арыс өзенінен мұз үстімен өтіп,
Омар Шейх мырза өзбектердің быт-шытын шығарып, қолындағы
тұтқыңдарды босатып, шауып алған малдарын шып-шырғасын
шығармай өз иелеріне қайтартқан», - деп жазады [4, 27 б.].
«Бабырнаманы» мемуарлық-ғұмырнама жанрының талаптарына
жауап бере алатын көркем туынды ретінде қарастыруға негіз бар.
Өйткені, «Бабырнамадағы» басты кейіпкер – автор, яғни Бабырдың
өзі. Ол өз образын өзінің қимыл-әрекеті үстінде ашып, бейнелеп
отырады. Ғұлама-ғалым нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, бала-
малы сөздер мен даналық ұғымдарды қолдану арқылы өзіне тән
көркемдеу тәсілдерін шеберлікпен қолданған. Ол көбінесе өмірдегі
сан-алуан жайттарды таза философиялық тұрғыда саралайды.
Сондықтан оның стилі ең алдымен тарихи-философиялық сипатқа
ие.
Бабыр стилін даралайтын ерекшеліктің бірі өзінің ішкі жан
дүниесін эмоциялық тұрғыда көрсете білгендігі. Оқиғаларды жүйелі
баяндау барысында авторлық «менін» үнемі аңғартып отырады.
Мұның өзі Бабырдың өз болмысы мен табиғатынан туған даралығын
айқындайды. Бабыр стиліндегі тарихилықпен қатар айқын
аңғарылатын философиялық, психологиялық және лирикалық
белгілер сол дәуір әдебиеті үшін новаторлық құбылыстың бірі болып
табылады. Себебі Бабыр өз ойын шебер жеткізе алуымен қатар автор
мен оқырманды өзара байланыстыратын сырласу тәсілін қолдана
білген. Оқырманмен сырласу тәсілі де ортағасыр жазбаларында
әлі қалыптаса қоймаған соны құбылыс болатын. Ол қиыншылыққа
тап болған сүреңсіз кездері жайында оқырманымен ашық сырласа:
«Бұл жағдай жаныма қатты батты, көзімнің жасын тыя алмай, көп
жыладым» десе, енді бірде, «менің өлгім келді» деп жан дүниесіндегі
шарасыздықты оқырманның алдына жайып салады.
|