Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет39/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
туындылары бар екенін білеміз. Сонымен қатар «Бабырнамада» Темір 
әулетінің билік құрған кезеңі сипатталады. XV-XVI ғасырлардағы 
Ферғана, Хиндустан аймағындағы халықтардың тарихы, хандар 
арасындағы билікке, жерге, таққа таласып жүргізген соғыстары 
жайлы егжей-тегжейлі баяндайды. Жаңа қалалардың салынуы
архитектурасы туралы жазады. Үндістан және Орталық Азия 
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен этнографиясын, мәдениетін 
толық қамтыған бұл туын-дыны қазақ тарихына өзек бола алады 
десек, қателеспейміз.
Бабыр ғазалдарының лирикалық кейіпкері небір дәстүрлі 
мифтерде кездесетін фантастикалық персонаж емес, ол – Бабырдың 
өзі. Ақын өзінің болмысын, табиғатын жасандылықтан мүлде таза 
шынайы сезім тұрғысынан танытады. Ол өзін қоршаған әлемнің сан 
қилы құбылыстарына, тағдырға мойынсұна білетін жұмыр басты 
пенде екендігін ұмытпайды. Сондықтан да Бабыр ғазалдары жалпы 
адамзаттың жүрек түкпіріне жылы тиіп, терең орын алады. Ол 
дүниенің барлық ғажайыптары мен кереметтерінің адамның рухани 
жан дүниесіне қарағанда түкке тұрмайтындығын адами болмысымен 
табиғи түрде бере біледі: 
Мұнда бәрін жоғалттың атақ, алтын, дәреже, 
Солар үшін құрбан ғып, жанды сату дұрыс па? [4, 286 б.]
Автор «Бабырнамасында» жастарды зұлымдық атаулыдан 
бойын аулақ салуға үндейтін тәрбиелік мәні зор өлең жолдарын 
жазып кетуді мақсат тұтқан: 
Бір зұлымдық жасасаң, тартасың бір азабын,
Өзгерте алмас ешкім де табиғаттың заңдарын.
Ақын адамның басынан кешкен әрбір жағдайдың оған ғибрат 
болып, адамзатты парасат пен игілікке жетелейтінін мына бір 
жолдар арқылы көрсетеді: 
Жақсы-жаман өткен істің сабақ алсаң бәрінен,
Түбі қайыр болар ақыр шипа алғандай дәріден [4, 234 б.].
Бабыр лирикасы адам образын ашуда жүрек пен ақылдың 
арасындағы бітіспес тартысты адамның сыртқы әлемі, өмір ағысы-
мен біте қайнастыра тұтас бірлікте алып қарастырады. Лирикалық 
кейіпкер автордың өзі болғандықтан, ол ішкі әлемінің ешкімге 


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет