Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет63/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Бұл ханның қазақтарды «ілтипатпен қабылдап, оларға мемлекеттің 
батыс бөлігінен Шу мен Қозыбасы өңірін беруінің» өзіндік себеп-
тері болды. Оған тайпа басылары және әмірлермен қатар, билікке 
таласқан туған ағасы Жүнісхан темір әулетіне сүйене отырып қарсы 
шықты. Сондай-ақ XV ғасырдың басынан басталған Жетісу мен 
Моғолстанның басқа да аудан-дарына ойраттардың шабуылы үдей 
түсті. XV ғасырдың 50-жылдары билеуші Исан тайшы біріктірген 
ойраттардың шабуылына Қашқарда өзара қырқыстармен айналы-
сып жүрген Есен-бұға ешқандай қарсылық көрсете алмады. 
Осындай қиын кезеңдерде көшіп келген қазақтарды ол батыста 
Жүніс-хан мен Темір ұрпақтарына қарсы пайдаланбақ болған, 
шынында 1462 жылы Есен-бұға қайтыс болғанға дейін батыс өлке 
тынышталды. Сонымен бірге қазақтарды әскери күш ретінде 
ойраттарға да қарсы пайдаланған. Жәнібек қазақты Қашқардағы 
Шағатай нәсіліне қаратқан соң «Алаш алаш болғанда, Алаша хан 
болғанда біз қалмаққа не көрсетпедік» [21, 31–34 бб.] деген халық 
аузындағы сөз де осыны дәлелдесе керек.
Осылайша, Орталық Азиядағы саяси-этникалық процестер 
шиеленісіп тұрған шақта, 1458 жылы Қазақ хандығының негізі салы-
нып, өзінің этникалық ауқымының кеңдігіне орай дереу күш ала 
бастады. Жәнібек пен Керейге берілген «қазақ» атауы олардың қол 
астындағы халықтың этнониміне айналды және олар иемденгшен 
территория Қазақ елі деп атала бастады. М.Х. Дулати шығармасында 
бұл мәселеге арнайы тарау арналды. 
Алайда бұл тарихи айғақтың орын алуын тарихшылар әртүрлі 
этникалық-саяси объективті себептермен түсіндіргенімен, оның 
мәдени астарларына көңіл бөле бермейді. Біздің пікірінше, «бұл 
инцидент пісіп-жетіліп тұрған өмірлік бағдар мәселесінің шешілуіне 
түрткі ғана болды. Қазақ тарихында аса маңызды орын алатын бұл ауа 
көшу прецедентінің орын алуының негізгі себептерінің бірі Алтын 
орданың күйреуімен сипатталатын еуразиялық көшпенділіктің 
жалпы дағдарысы мен батыстық отырықшы өркениеттің экспансиясы 
барысындағы «көшпенділік-отырықшылық» баламаларын таңдаудан 
келіп шығады» [22, 41–42 бб.].
Үш мың жыл бойына қос өркениет (көшпенді және отырықшы) 
салыстырмалы түрде тұйықтығын сақтай отырып, қатар дамыды
бірін-бірі үздіксіз байыта отырып, жалпыадамзаттық өркениетті 
қалыптастырды. Дегенмен Көне өсиеттегі Абыл мен Қабыл арақаты-
насы туралы аңызда көрініс тапқан бұл екі құбылыс (қала мен 
дала) терең мәдениеттанымдық зертеуді талап етеді. Белгілі ғалым 
М.М. Әуезов өзінің еңбегінде егіншілік пен малшылық арақатынасын 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет