Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
белдеулік уақыттың (К. Ясперс: б.з.д. 800–200 жылдар) рухани өмірін-
дегі негізгі қақтығыс ретінде сипаттап, қазақ халқының қалауы ауыр
кезеңде ауа көшіп, жеке отау құрғанын осы таңдаумен байланыс-
тырады» [23, 53 б.].
Қазақ халқының санасында алтын заман ретінде сақталып қалған
Алтын орда мен ноғайлы дәуірі шын мәнінде еуразиялық көшпелі
өркениеттің шарықтау шыңы болды. XVғасырдан бастап Ұлы дала
ғана емес, бүкіл Шығыс технологиялық тұрғыда Батыстан арта қала
бастады.
В.П. Юдиннің еңбегінде Ноғай ордасы Дешті Қыпшақтағы
«ең көшпелі құрылым» ретінде сипатталып, олардың бұрынғы
дала еркіндігінің алтын ғасырын аңсап, қалалық бағдарға қарсы
бағыт ұстанғаны айтылады. Ноғай ордасының құрамындағы ру-
тайпалар кейін көшпелі дәстүрді ұстап қалған қазақтардың Кіші
жүзінің құрамына енді (Қасым хан мен Хақназар хан тұсында). Ал
Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан, кейінірек қазақ-
тың Ұлы жүзінің этнокомпонентін құраған ру-тайпалар арасын-
дағы отырықшы және көшпенді бағдар ұстанған үрдістердің күресі
бастапқыда Шағатай ұлысын, кейін Моғолстан мемлекетін ыдыра-
туға әкеліп соқты. Қазақтардың нағыз көшпелі халық екендігі
«қазақылық» феноменінен айқын аңғарылады.
Бұл феномен белгілі мәдениеттанушы Әуезхан Қодардың
айтуынша еріксіз қалалық өмір мен исламның жаппай үстемдігіне
қарсы реакция ретінде пайда болды [24, 152 б.]. Алтын Орда билеу-
шісі Өзбек ханның мемлекет ішінде ислам дінін кей жерлерде
зорлықпен енгізгені белгілі. Күмәнді жолмен билік басына келген
Өзбек (сол кездегі тарихи айғақ пен «өзі бек» деген антропонимдік
семантика оның Шыңғыс тұқымынан екендігіне күмән туғызады)
Жошы ұрпақтарын қудалағанымен, дінді жақтаған Шейбан тұқым-
дарына ерекше қолдау көрсеткен. Өзбек хандары шейбанидтер мен
қазақ хандары тұқай-тимуридтер арасындағы үздіксіз созылған
күрестің басты себебі династиялық емес, осы дінге қатысында да
байланысты болуы мүмкін. XVI ғасырдың басында сеидтерге сүйе-
ніп Мәуреннахрда дербес мемлекет құрған Мұхаммед Шейбани
қазақтарға қарсы «ғазауат» соғысын жариялап, бірнеше жорықтар
жасағаны тарихтан белгілі. М. Шейбанимен Мәуреннахрға кеткен
өзбектердің исламды жақтаушылар екендігін тарихшы Құрбанғали
Халид те қостайды. Жалпы қазақ мәдениетінде төлтума ататектік
діндердін мұсылмандық діни типке өту өте күрделі құбылыс болды
және бірнеше ғасырларды қамтыды. Ш.Уәлиханов XIX ғасырдың
өзінде қазақтардың дүниетанымын «қос дінге табынушылық» деп
|