Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет107/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   401
treatise187525

БРЕНТАНО Франц (Franz Brentano, 1838–1917) – неміс философы және психологы, феноменология идеяларын алғаш рет жарыққа шығарған. Аналитикалық философияның кейбір идеяларын қолдаған. Философия мен теологияны зерттеген. Оның философиялық көзқарастары Аристотель ғы- лымының негіздеріне сүйенген. Оның пайымдауынша, «философия әдісі- нің нақты ғылым әдістерінен еш айырмашылығы жоқ». Оның ғылыми философияға көзқарасы неміс философтары А. Мейнонг пен Э. Гуссерльге және логикалық позитивизмге айтарлықтай әсерін тигізеді. Оның фило- софиясы физикалық және психикалық феномендердің арасындағы шека- раны анықтаудан басталған. Психикалық феномендер тегінің белгісі – интен- ционалдылық. Сана әрқашанда бір нәрсеге қатынас арқылы сипатталады:
«мен түйсіктерімді сеземін, «мен сезінемін», «мен бір нәрсені ойлаймын». Дәл өз қалпындағы физикалық объект интенционалды емес. Брентано ақи- қатты қызық түсіндіреді. Ақиқат – бұл көзге көрініп тұрған анықтылықты сезіп, өз бойынан өткізу. Ақиқат мәселесі – бұл эмпирикалық жолмен білім- ді дәлелдеу мәселесі, онда іштегі тәжірибе маңызды рөл атқарады. Іштегі тәжірибенің заттары – психикалық феномендер. Сондықтан, психикалық феномендер көзге көрініп тұрған эмпирикалық анықтылыққа ие болады.
Әдебиет: ХХ ғ. философия. Әлемдік энциклопедиясы. – Москва-Минск,
2002.


БРОЙЛЬ Луи де (15.08.1892–19.03.1987) – қазіргі физиканың дамуына қомақты үлес қосқан атақты француз физигі. Оның алғашқы алған білімі Париж университетінің гуманитарлық ғылымдар факультеті- нің әдебиет саласынан (1910 ж.) болғанымен, ол өзінің туған ағасы физик Мористің және А. Пуанкаре кітаптарының («Ғылымның құндылығы»,
«Ғылым және гипотеза») әсерімен физика мен оның философиялық мәсе- лелеріне көңілі ауып, көп ұзамай (1923 ж.) Сорбонна университетінде физика ғылымдарының мамандығын алады. Оны физиканың уақыт, кеңіс- тік, зат пен жарықтың табиғатын зерттейтін философиялық маңызы бар салалары қатты қызықтырады. 1924 ж. Б. Париж ун-тінің дәл ғылымдар факультетінде «Кванттар теориясы бойынша зерттеулер» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғайды. Бұл жұмысында Б. кванттық меха- никаның қалыптасуында зор рөл атқарған барлық микробөлшектерге тән корпускулалық-толқындық дуализм туралы гипотезасын ұсынады. Кейіннен бұл гипотеза өзінің эксперименталдық дәлелін тауып, 1926 ж. Э. Шредингердің толқындық механиканы жасап шығаруына тікелей қол- ғабыс еткені белгілі.
Б. физик-теоретик ретінде бүкіл физика ғылымының тарихына, даму логикасына, философиялық мәселелеріне орай терең зерттеулер жүргізіп, оның дамуына зор үлес қосқан ғалым әрі ойшыл. Оның орысшадан аударылған басты еңбектері: Введение в волновую механику. – М., 1934; Революция в физике. – М., 1963; По тропам науки. – М.: ИЛ, 1962.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет