Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет211/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   401
treatise187525

ИДЕНТИФИКАЦИЯ (лат. identificare – сәйкестіру, бірегейлендіру, теңдестіру). Саналы немесе бейсаналы, сәттік немесе тұрақты түрде өзін басқа мәндімен теңдестіру. Арнайы әдебиеттерде қарастырылатын И.: 1) Сәттік И., бұған И. механизмі көмегімен тұлғалық белгілері, құндылық ұстанымдары қалыптасатын баланың рөлдік ойыны мысал болады. Тұрақты И. алғашқы және кейінгі қатардағы болып бөлінеді. Алғашқы И. баланың сәби шағында алғашқыда анасымен, сосын оның жынысына байланысты пайда болады. Кейінгі қатардағы И. жастық шақта, туыстық байланыстардан тыс (оқытушы, жетекші, досы және т. б.) қалыптасады. 2. Топтық И. (әлеуметтік теңдік) өзін қандай да бір әлеуметтік топпен теңестіру, оған кіретінін ұғынып, оның мақсаты мен құндылықтарын бөлісу. Адам өз өмірінде сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша айырмашылықта болатын бірнеше әлеуметтік топпен (мектеп сыныбы, жұмыс ұжымы, бір спорт клубының жанкүйерлері, бір партия мүшелері, бір үйдің, қаланың, мемлекеттің тұрғындары және т. б. болуы мүмкін) теңестіріледі. 3. Өзін көркем шығарма кейіпкерімен теңдестіру. Мұның нәтижесінде шығарма мазмұнын, мәнін жақсы түсіну орын алады. 4. И. психологиялық қорғану механизмінің бір түрі ретінде, бейсаналық деңгейде қатер төндіруші объектіге ұқсаумен байланысты болады. 5. Таным үдерісі ретіндегі И. (белгілі бір салаға жатқызу) немесе қандай да бір объектілерді білу. Бұған адам жадында жазылған эталонмен қабылданатын объектіні салыстыратын перцептивті (демек, қабылдаумен байланысты) И. жатады. И. қазақ тілінде бірегейлену, сәйкестену, етенелесу деген сипаттарда қолданылып жүр.


ИДЕОГРАФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ НОМОТЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР.


И. тәсіл неміс жаңакантшылдарының баден мектебінің негізін қалаған Виндельбанд пен Риккерттің еңбектерінде өзінің кең көлемді теориялық негізделуін табады. Таным актісі сонымен бірге объектіні жасаудың актісі болады деген субъективті идеалистік бастаудан негіз алған Виндельбанд пен Риккерт ғылымды оның пәніне қарай емес, зерттеу тәсілдеріне қарай


279

топтауға талпынып, ғылымды бір-біріне қарама-қарсы тұратын екі топқа бөледі: бір ғылымдар (жаратылыстану-математикалық) жалпыны, заңды, қайталанатынды іздестіруде қорытындылайтын номотетикалық тәсілді пайдаланады. Екіншілері (тарихи ғылымдар) жекелендіретін идиогра- фикалық тәсілмен жеке мен ерекшені оқып зерттейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет