Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2007



бет224/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2007.


ИНДУИЗМ – әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И-ді ұстанатын үндіс- тердің қасиетті кітабы – Веда және брахмандардың бір орталыққа бағын- дыру ілімінің негізін құрайды. И. негізі – карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айна- латындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін өзінің белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы ол о дүниеге барғанда қоғам- да жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. қоғамда касталық құрылымның берік тұрақталуына қызмет етті. И-де біртекті догма да, әдет-ғұрыптық негіз де, шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады. Қасиетті деп табынатындары жануарлар (сиыр, жылан), өзен (Ганг), өсімдік (лотос) болуы мүмкін.


ИНИЦИАЦИЯ (лат. іnіtіatіo құпия жасау, арнау) – бозбала мен бойжеткеннің есейіп балиғатқа толуына байланысты дәстүрлі мәдениетте кеңінен тараған әмбебап әдет-ғұрып жүйесі. И. мақсаты – жастарды отба- сылық, қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау. Бұл процесс түрлі тай- паларда өз әдет-ғұрыптарына байланысты түрлі деңгейде өтеді (сүндетке отырғызу, тісін қағып алу, татуировка жасау т. б.). Бұның қайсібірінің салдары асқынып, ауыр өтетін кездері болған.


ИНТЕЛЛЕКТ (лат. іntelltctus – зерде, ақыл, парасат) – адамның ойлау қабілеті. И. мәдениеттануда және психология мен философияда тұлғаның мәліметтерді саналы түрде саралап, оған баға берудегі қабілеттің тұрақты ерекшелігін көрсететін ұғым-термин.




ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ (лат. іntellegens – зиялы) – білімдар, жоғары тал- ғамды, адамгершілік, парасат-танымымен көрінген зиялы топ, ой қызметінің адамдары. И. ұғымына қысқаша «Оксфорд» сөздігінде халықтың «тәуелсіз, еркін ойлауға ұмтылатын бөлігі» деп анықтама берілсе, француздың «Кіші Ларус» сөздігінде «зерделілер класы» деген анықтама берілген.


ИНТЕНЦИЯШЫЛДЫҚ (лат. іntentіo – талпыну, зейін қою) – сана- ның белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. И-дық ұғымының тарихы зейін- денуші заттың шынайы және интенциялық бағытын айыра білген орта- ғасырлық схоластикадан нәр алады. ХІХ ғ-да неміс ойшылы Ф. Брентано бұл ұғымды қайта енгізеді. И-дық психикалық құбылыстардың негізгі қасиетіне айналып, олардың санадағы дәйегі және сананың соларға бағыт- талуы ретінде көрінеді. И-дық ұғымы А. Мейнонгтың нақтылық ілімінде және Э. Гуссерльдің феноментануында ерекше зерделенеді. Гуссерльде И-дық негізгі ұғымға айналып, феноментану үшін мүлде тосын және негізін қалаушы мағынада пайымдалады. И. – көкейдегі туралы ой бөлу қасиеті. Дүниенің сезімге берілу нұсқаларының және дүние туралы ойдың өзгер- мелігіне байланысты феноментануда И. өте кең қарастырылады. Әрбір феноменнің өзіндік интенциялық құрылымы бар. Белгілі затқа түрлі қаты- нас жасауға болады. Мұндағы ең басты нәрсе заттың ежелгі нұсқасын ұмытпау. Сол сияқты заттың санаға берілуі де әртүрлі. Мыс., қабылдау, қиялдау т. б. Жалпы, И-тың құрылымы төмендегідей: интенцияшіл әрекет, интенцияшыл мазмұн мен зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет