Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005.
КАТЕГОРИЯЛАР (гр. kаtеgоriа – пiкiр айту, куәгерлiк) – дүниедегi заттар мен құбылыстардың және таным үдерісінің неғұрлым ортақ және елеулi байланыстарын көрсететiн бiрегей, iргелi логикалық ұғымдар. Fылымның кез келген саласы, оның iшiнде философия ұғымдар жүйесiн пайдаланады, олардың iшiнде зерттелiп отырған пән саласының неғұрлым маңызды ерекшелiктерiн көрсететiн негiзгiлерi ғана К. дәрежесiне ие болады. Нақты жаратылыстану, қоғамдық және тех. ғылымдар К-сымен салыстырғанда филос. К. өздерiнiң жалпыға бiрдей және iргелi сипатымен ерекшеленедi: олар практика мен танымның барлық саласында кездеседi және қолданылады, ақиқаттың аса маңызды байланыстары мен қатынаста- рын олардың неғұрлым жинақталған күйiнде көрсетедi. К. мәселесі, олар- дың танымда атқаратын рөлi ежелгi заман философиясында пайда болды. Ежелгi заман ғылымының осы салаларындағы жетiстiктерi гр. ойшылы Аристотельдiң «Категориялар» деген еңбегiнде жинақталған. Онда дүниенi танып-бiлу үдерісінің К. туралы жалпы түсiнiктердiң рөлi жайындағы ғылыми деректердiң бәрi жүйелi түрде баяндалған. Аристотель жасаған К. жүйесi (саны, сапасы, уақыты, күйi-жайы, пайда болуы және т. б.) К. туралы iлiмнiң одан әрi дамуына елеулi ықпал еттi. Орта ғ-дағы схоластикалық философияда К. мәселелерінің байыпты зерттеулерi болған жоқ, бұл жерде тек Орта Азия ғылымдарының (әл-Фapaби, Ибн-Сина, О. Хаям және т. б.) еңбектерiн атап өткен жөн. К-ға ықылас iрi машина өндiрiсiне көшу қажеттiгi ғылымның алдында маңызды мiндеттер қойып, ал бұл өз кезегiнде ғылым дамуының, таным үдерісінің терең «iшкi» логикалық мәселелерiн зерттеудi қажет еткен жаңа заманда ғана қайта жанданды. Сондықтан XVII–XIX ғ. философиясында К. мәселесіне, әсiресе нем. классикалық философиясында баса назар аударылды. Оның негiзiн қалаушы И. Кант К-ны ақыл-ойдың априорлық формалары ретiнде, яғни тәжiрибеден, ақиқаттан алынған нәтижелері ретiнде емес, субъектiнi танып-бiлушi адамның санасына әуел бастан белгiлi, тәжiрибеге дейiнгi ұғым-түсiнiктер peтiндe қарастырады. Сөйтiп, К. туралы мәселенi Кант ойлау жүйесiнiң өзгермейтiн тұрақты формалары ретiнде идеалистiк тұрғыдан шешiп, олардың тәжiрибе қорытындысына қатыссыз болатындығын дәлелдедi. К. туралы мәселенi Гегель де дәл осылай абсолюттi идеяның көрiнiстерi ретiнде шештi. Бiрақ К-ды ол диалект. тұрғыдан олардың өзара байланысы және бiр-бiрiне айналуы тұрғысынан пайымдайды. Гегель философиясындағы К. жүйесi мен оның диалектикасы кейiнгi философияға орасан зор ықпал еттi. Қазiргi батыс философиясының көптеген бағыттары К. мәселесінде қолдануға кел- мейтiн айқындамаларда тұр. Олардың кейбiрi (логикалық позитивистер) К-ды ғыл. тұрғыдан зерттеудiң орнына, ғылым тiлiнiң атауларына олардың мазмұнына нұқсан келтiре отырып, логикалық тұрғыдан формальды талдау жасаумен шұғылданады, басқалары (экзистенциалистер) адамның көңiл-күйiн болмыстық антологиялық К. дәрежесiне көтередi, үшiншiлерi (неотомистер) К-ды құдайдың ақыл-ойынан және т. б. бөлiп алады. Жаңа iлiм К-ды қоғамдық практика мен танымның тарихи тәжiрибесiн қорыту- дың нәтижесi – ойлау жүйесiнiң әмбебап түрлері деп есептейдi. Сондықтан К. белгiлi бiр қоғамдық практикада жинақталып, болмыстың жан-жақты байланыстары туралы iлiмдер тереңдеп, толыға түскен кезде қоғам дамуы-
311
ның белгiлi бiр кезеңiнде ғана қалыптасуы мүмкiн. «Адамның алдында табиғат құбылыстарының желiсi бар. Инстинкті адам, жабайы адам өзiн табиғаттан бөлмейдi. Саналы адам бөлiп алады, категориялар дегенiмiз осы бөлiп алудың, яғни дүниенi танудың кiшкене сатылары, табиғатты тануға және оны меңгеруге көмектесетiн желiнiң өзектi пункттерi». Диалектика- ның категориялық аппаратында жекелеген К-мен қатар – материя, сана, қозғалыс, кеңiстiк, уақыт, практика, шындық және т. б. жалпы және жекелеген, себеп және салдар, қажеттiлiк және кездейсоқтық, жай-жапсар және құбылыс, мүмкiндiк және ақиқат, форма және мазмұн сияқты және басқа да жұптас К-дың маңызы бар. Бұл К. бiртұтас заттар мен үдерістердiң қарама-қайшы және өзара байланысты жақтарын көрсетедi. Олар табиғи және қоғамдық үдерістердiң, күрделi объективтi диалектикасын ашып көрсетедi. Іс-әрекет пен танымның дамуына орай жекелеген К-дың рөлi мен орны өзгередi, ойлау жүйесi жаңа К-мен (мәс. жүйе, құрылым, элемент, т. б.) толыға түседi. Көптеген ғалымдар қолданып жүрген жалпы ғыл. түсiнiктер (хабар, симметрия, функция және т. б.) қазiр зор маңызға ие болып отыр. Филос. К. ғыл.-тех. революция аппаратының мәселелерімен айналысуға мәжбүр болатын нақты ғылымдардың К-ымен тығыз байланыста болады. Нақты ғылымдардың осы салада алған нәтижелерiн философия жинақтайды және оның өзiнiң ғана емес, сонымен қатар нақты ғылымдардың да шығар- машылықпен дамуына қызмет етедi. Философия, мета ғылымдардың және нақты ғылымдардың К-лары осылай бiрiн-бiрi толықтырып, бiр-бiрiне айналып қана даму үстiндегi танымның әмбебап түсiнiктерiнiң жүйесiн құра алады. Жанды, жылжымалы және қарама-қайшы болмыс тиiстi ұғымдарда ғана дұрыс көрсетiлуi мүмкiн. Сондықтан таным «икемдi, қозғалғыш, релятивтi, өзара байланысты, дүниенi қамтитындай қарама-қарсылықтарда бiртұтас болуға тиіс». Филос. К. бiртұтас, өзара байланысты дүниенiң көрi- нiсi болғандықтан олар бiр-бiрiмен белгiлi бiр байланыста болады және белгiлi бiр жүйе болуға тиiс. Бұл арада әрбiр К. бүкiл жүйенiң мәнiсiн ашып көрсету арқылы бүкiл жүйенiң элементi ретiнде ғана ұғынылуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |