Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет297/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   401
treatise187525

НАТУРАЛИЗМ (лат. natura – табиғат) – позитивизм философиясының әсерімен пайда болған көркемдік әдіс. Өнер табиғаты жаратылыстанудан алынған ұғымдармен түсіндіріледі. Суреткер өз шығармаларында кескіннің сыртқы ұқсастығына, шынайлығына ұмтылуға, жекелеген құбылыстарды айна-қатесіз баяндау мен бейнелеуге тырысуға міндетті болды. Н. ең алдымен Францияда пайда болды. Н. манифесті жеке адамның мәдениет саласындағы бірден-бір мүмкін және нақты себептері болатын «нәсіл» –
«орта» – «сән» үш тағанын ұсынған болатын. И.Тэннің «Ағылшын әдебиеті тарихына» атты еңбегі Н-ге кіріспе болды. Өнерде Н. жолын ұстанушылар адамды тұқым қуалаушылықтың заңды әсерімен материалдық ортаның енжарлы нәтижесі деп қарастырды. Жазушылардың арасында Н-нің белгі- лі өкілдері ағайынды Э. және Ж. Гонкурлар, Ги. де Мопассан, Э. Золя, Г. Гауптман, Дж. Мур және т. б.


НӘПСІ – діни әдебиеттерде жанның баламасы ретінде беріледі. Ол адам тәнінде екі түрлі қызмет атқарады: 1) тіршілік ету қабілетін қамта- масыз етсе; 2) жанның қалауын, тілегін білдіреді. Анахарсис: «Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста» – дейді. Ислам діні бойынша Н. адамның онтологиялық болмысы болып табылады. Н., «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі оттан
адамның– Н-нің жаратылғаны айтылады. Әл-Кинди, адам Н-ге байланса соншалықты еркін бола алмайды деп санайды. Әл-Ғазали қылықтары тек Н-лік және тәндік қалауларды орындауға бағытталған адамның жануарлар деңгейінен аса алмайтындығын атап көрсетеді. Сопылық дүниетанымда адамның басты мақсаты – жанды, көңілді Н-нің бұғауынан босату болып табылады. Шәкәрім философиясы бойынша, адамның қасында әрқашан Н. жүреді, ол адам серігі, оның толық жоққа шығаруға болмайды. Адам жаны Н-ге құмар келеді, әсіресе – тәні. Н-сіз адам жоқ. Н. – адамның жалғандық болмысы, оның шектеу күші – ақыл. Н-құмарлықпен шендеседі. Н-нің жетекшісі – құмарлық. Бірақ құмарлықтың екі жақты болатынын мойындау керек. Теріс құмарлықпен бірге, оң құмарлық та болады, мысалы, білімге, ғылымға, өнерге құмарлық. Теріс құмарлықты сипаттай келе, Шопенгауэр:
«Құмарлық, өткір сезім қанша қызықты болса да адамның өмірі одан да қымбатты да ардақты екенін ұмытқан адамдар – құдайдан безгендер деген жөн» – деп айтқан. Мысалы, жұмақтағы Адам ата мен Хауа ананың жара- сымды тіршілігі ұзаққа бармады, арасына тән азығы – Н. еніп, жасалған тиымдардан ауытқып, құдіретті жұмақ кеңістігінен қуылды. Осы сәттен бастап адамның жер бетіндегі ғұмыр-тіршілігінде – қайғы мен қасірет дейтін жаңа түсінік пайда болды.


НЕГІЗ – белгілі бір құбылыстың (нәтежиесіне) өмір сүруіне және оны айқындауға алғышарт жасайтын қажетті жағдай негізді анықтау, талқылау және одан нәтежие шығару үдерісін негіздеу делінеді. Философия мен нақты ғылымдар тарихы Н-ді іздестіру кезеңі болып табылады, әрі соның көмегімен табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстарды түсіндіруге ұмтылады. Диалект. логика жүйесінің категориясы ретінде Н-ді Гегель түбірлі зерттеді. Оның көзқарасы бойынша Н. дегеніміз орныққан, шешімін тапқан қарама қарсылық. Гегель қарама-қарсылықты шешу, сайып келгенде Н.-дің абсолютті іс әрекетіне және абсолютті Н-ге әкелетінін анықтады. Гегельден кейінгі бурж. философияда Н. категориясы негізінен жалпы логикалық аспект ретінде қарастырылды. (Шопенгауер, Вунд, Зигварт, Витгенштейн және т. б.). Н. диалектикасында және нәтижеге жаңа көзқарас негізінен шындыққа сүйенеді, негіздеудің көрініс беруіне жағдай жасайтын таза формальді Н. ді және деректерді іріктеу мен оларға түсінік беруде субъективизмді жоққа шығаратын жан-жақты талдау үдерісіне арқа сүйеуге меңзейді. Заттардың шынайы Н- іне олардың мәнін толық шешу арқылы, ішкі қозғалысы мен даму заңдылықтарындағы қарама-қарсылықтарды айқындау арқылы ғана қол жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет